Балаларға жұмсалатын бюджет қаржысы ашық көрсетілуі қажет – Аружан Саин

Қазақстандық мемлекеттік органдар балаларды әлеуметтік, мәдени, білім беру, медициналық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған бюджет қаражаты туралы деректерді жарияламайды. Бұл туралы «Балалық шақты қорғау жүйесінің тиімділігі және баланың әл-ауқаты: мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин айтты деп хабарлайды bilimdinews.kz.

Аружан Саинның айтуынша, оған азаматтар мен ҮЕҰ-дан 507 өтінім келіп түскен. Олардың 396-ы қаралған, қазір 111 өтінім қаралып жатыр. Көп жағдайда балалардың құқықтары қорғалған. Алайда, олардың қажеті үшін бөлінген бюджет қаражатының дұрыс жұмсалуына қатысты түйткілді мәселе бар.

Балалар омбудсмені әкімдіктердің сайтынан балалар спортына, мәдениетіне, оларды әлеуметтік жағынан қорғау үшін бөлінетін қаржы туралы ақпаратты таба алмаған. Оның айтуынша,  мұндай мәліметтің болмауы балалар құқығын қорғауға қатысты қалыптасқан көріністі толық деңгейде көруге мүмкіндік бермейді және қоғамдық ұйымдардың жұмысына қиындық туғызады.

– Біз зерттеу жүргіздік. Мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа атқарушы билік органдары қызметінің ашықтығы туралы заңның бар екені, алайда мемлекеттік органдар ашықтық мәселесін сақтамайтыны туралы хат жаздым, – деп мәлімдеді Аружан Саин.

Оның айтуынша, кейбір мемлекеттік органдар өз бюджетіне қатысты ақпарат беретін сілтемені жолдайды, бірақ олар ашылмайды немесе дұрыс көрсетілмеген.

– Бала құқығын қорғау үшін көп жағдайда, мемлекеттік органдардың жұмысы дұрыс жолға қойылуы қажет. Біз үнемі осындай мәліметті білу үшін сұрау салуға мәжбүр болып отырмыз. Ал оның орнына сайтқа кіріп, мысалы, балаларға қажетті дәрі-дәрмекті сатып алу үшін қанша мөлшерде қаражат жұмсалды деген ақпаратты көру анағұрлым дұрыс болар еді, – деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова ведомствода балаларға бөлінетін бюджет қаражаты әдістемесін әзірлеу қолға алына бастағанын, бұл аталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретінін айтты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

По следам живодеров

Добавить комментарий