Әлемдік деңгейдегі 77 оқулық қазақ тіліне аударылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлемдік деңгейде бірегей 77 оқулық қазақ тіліне аударылды, деп хабарлайды 24.kz

Бұл іске 300-дей отандық ғалым атсалысты. Мемлекеттік және жекеменшік 132 оқу орнына таратылды. Студент санына қарай әр университет тиісті мөлшерде құнды мұраларға иелік етті.

«100 жаңа оқулық» жобасы 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бастапқыда университет оқытушыларынан ағылшын тілінде барлығы 800-ге жуық кітапты аудару жөнінде ұсыныс түскен екен. Кейін аударма бюросы ұсыныстарды іріктеп, ауқымды істі бастап кеткен. 

– Жыл соңына дейін 23 кітап аударылады. Сосын оқу орындарына таратылады, – дейді ұлттық аударма бюросының басшысы.

Бұған қоса, ұлы Абай шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды. Бұл іспен де ұлттық аударма бюросы айналысты.


 

фото kazakh-tv.kz

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий