Сан-Францисконың бас кітапханасында қазақ әдебиеті мен мәдениетіне арналған бөлім ашылды

Ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде Сан-Франциско қаласының Бас қоғамдық кітапханасында Қазақстан әдебиет мен мәдениетіне арналған бөлім ашылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Жоба «Отандастар» қорының және Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаеваның көмегімен, сондай-ақ «Медициналық-инновациялық технологиялар» атты отандық компанияның Байқаушы кеңесінің төрағасы Михаил Гутерманның қаржылай демеушілік танытуымен Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығы тарапынан ұйымдастырылды. Ашылу рәсіміне америкалық тараптан кітапхана директоры Томас Фортин мен Сан-Франциско қаласы мэриясының өкілдері қатысты.

Қазақстан туралы материалдар енді АҚШ-тың батыс жағалауындағы жылына 1 миллионнан астам оқырманға қызмет көрсететіп жүрген басты кітапханаларының бірінде кеңірек көлемде ұсынылатын болады. 1878 жылы негізі қаланған бұл кітапхананың қоры бүгінгі таңда 4 миллионнан астам басылымды құрайды. Кітапханаға тарихи және ғылыми-танымдық әдебиетпен қазақ ақындары, жазушылар мен зерттеушілерінің шығармаларын, атап айтқанда Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Олжас Сүлейменов және тағы басқалардың, туындыларын қамтитын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген шашамен 400-ге жуық кітап табыс етті.

Кітапханада мұндай бөлімнің ашылуы және Абай  шығармаларының кеңірек таратылуы Америка оқырмандарының қазақ халқының бай мәдениетіне шынайы қызығушылығының өсуіне септігін тигізе алады.

 







Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий