Университетаралық ынтымақтастық келісіміне қол қойылды

Түркістан қаласында биылғы жылы ашылған халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Франция елінің Анжэ қаласында орналасқан University of Angers арасында ынтымақтастық туралы келісімге онлайн-қол қою рәсімі өтті. Екі жақты келісім Франциядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Басқарма төрайымы, Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің ректоры Майнұр Мырзамадиева, Франция елінің Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы Мемлекеттік хатшысы Жан-Батист Лемуан және University of Angers ректоры Кристиана Робледо қатысты. Келісім аясында жоғарғы оқу орындары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату мен оқытушылар құрамы және студенттерімен өзара байланыс орнату көзделіп отыр.

Түркістандағы университет пен Франциядағы ЖОО ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды 2020 жылғы 24 қараша 01:21Бөлісіңіз: ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында биылғы жылы ашылған халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Франция елінің Анжэ қаласында орналасқан University of Angers арасында ынтымақтастық туралы келісімге онлайн-қол қою рәсімі өтті. Екі жақты келісім Франциядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Бәйдібек ауданындағы ауыл мектебіне 2 «BILIMBook» тақтасы мен 50 компьютер табысталды Минскте әл-Фараби атындағы қазақ сыныбы ашылды Ақмолалық оқушы мен оның бауыры әлемнің үздік балаларының тізіміне енді Семейлік мұғалім: Білім беру саласында балалардың денсаулығы басты назарда Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Басқарма Төрайымы, Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің ректоры Майнұр Мырзамадиева, Франция елінің Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы Мемлекеттік хатшысы Жан-Батист Лемуан және University of Angers ректоры Кристиана Робледо қатысты. Келісім аясында жоғарғы оқу орындары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату мен оқытушылар құрамы және студенттерімен өзара байланыс орнату көзделіп отыр.

Қазақстандағы алғашқы халықаралық деңгейдегі оқу орны туризм саласында әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлайтын білім ордасы болмақ. Қазіргі уақытта университет студенттері алты білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда. Университет басшылығы АҚШ, Франция, Италия, Португалия, Словакия, Гонконг, Үндістан және басқа да жетекші жоғары оқу орындарымен, сондай – ақ ЮНЕСКО (Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі мамандандырылған мекемесі) және БҰҰ UNWTO (Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туристік Ұйымы) халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Қазақстанның туристік саласын дамыту үшін білікті кадрлар даярлайтын алғашқы бейінді жоғары оқу орнына Түркістан облысының басшылығы барынша қолдау көрсетуде.



Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий