Ақмола облысында жаңа оқу жылы басталғаннан бері 68 оқушы коронавирус жұқтырған

Ақмола облысында жаңа оқу жылы басталған уақыттан бері 68 оқушы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты.

 

– Күн сайын оқушылар арасында коронавирус жұқтыруды анықтау бойынша мониторинг жүргізіліп отырады. Ақмола облысында оқу жылы басталған уақыттан бері 68 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталды. Солардың ішінде 23 жағдай кезекші сыныпта, ал 45 жағдай қашықтық режимі бойынша оқитын балалар арасында тіркелді. Артынша осы оқушылармен байланыста болған 291 бала анықталды. Алайда олардан арасында вирус белгілері табылмады, – деді Айнагүл Мусина.

Оның айтуынша, Ақмола облысындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 24 жағдайы тіркелген. 





Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий