Елімізде 800 жаңа мектеп салынады

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынатынын, шағын қалалар мен аудан орталықтарында, сондай-ақ ауылдық жерлерде орналасқан 5 мыңнан астам мектеп жаңартылуы қажеттігін, жалпы ауыл мектептерінің дамуына ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

 

– Еліміз бәсекеге қабілетті болуы үшін білім және мәдениет саласын өркендетуге, жастарға қолдау көрсетуге баса мән беруіміз қажет. Бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Соның арқасында біз апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толықтай шешеміз – деді ҚР Президенті.

 



Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий