Kazinform.kz & ENU: тәжірибе және жұмысқа орналасу

100 жылдық тарихы бар KazInform халықаралық ақпарат агенттігімен өткен онлайн кездесу студенттерге қажетті кеңес берді.

KazInform халықаралық ақпарат агенттігі болашақ мамандарға жедел ақпарат тарату, видеосюжет түсіру, подкаст жасау, түрлі тақырыпта мақала жазу, мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу, ойын-сауық, көңіл көтеру бағытында жобалар ұйымдастыру, авторлық идеяны жүзеге асыру мүмкіндіктерін ұсынады.

Онлайн кездесуде студенттер Inform.kz, Baigenews.kz, Baq.kz, Srtategy2050.kz, Primeminister.kz, e-history.kz, El.kz, Kaztube.kz порталдарының жұмысымен танысты. Көптеген сұрақтарға жауап алды. Арман Әлібекұлы Тлеукенов басқаратын ұжымның барлық редакторлары өз жобалары мен жоспарларын таныстыра келіп, білім алушылардың білікті маман болуы үшін тәжірибе жинақтаудың маңызын түсіндірді.

Онлайн кездесуде «Ақпараттық жобаларды насихаттау басқармасы» бастығы Алибек Абу-Али, «Мультимедиялық контент» бөлімінің басшысы Нуркин Дулат, www.baq.kz ақпарат агенттігінің Бас редакторы Мөлдір Асқарқызы Бекбергенова, www.strategy2050.kz аналитикалық-шолу порталының Бас редакторы Қайрат Жұмабекұлы Жандыбаев, «Әдебиет порталының» жетекшісі Нұрлан Қабдай, «Qazaqstan tarihy» интернет жобасының Бас редакторы Алтынбек Құмырзақ бірқатар авторлық жобалармен таныстырып, жұмыс істеу бағыттары жайлы әңгімелеп берді.

Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Өмірбайұлы Сақ екіжақты ынтымақтастық алдағы уақытта жалғасын тауып, білім алушылардың тұрақты жұмысқа орналасуына, әріптестік байланыстың аясын арттыруға тілектестігін жеткізді.

Студенттер KazInform халықаралық ақпарат агенттігіне алғыс айтып, алдағы уақытта тәжірибе жинақтап, бірге жұмыс істеуге уағдаласты.

Онлайн кездесу игі істердің бастамасы ғана. Алдағы уақытта екіжақты жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий