Маңызды мәселелер – назарда
Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Президент Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі өтті.
Күн тәртібінде қоғамдағы маңызды мәселелерге мән артылды.
Мемлекет басшысы партия мүшелері мен жаңа сайланған Мәжіліс депутаттары бірлесе жұмыс істейтін салаларға назарын аударып, әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың мүдделерін қорғау, жұмыс орындарын құру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және т.б. мәселелер ел үшін әрдайым басым болатыны туралы айта кетті.
Еліміздің әр азаматы сайлаудан кейінгі өзгерістерге үміт артады. Әсіресе, қазіргідей коронавирустық дағдарыс бүкіл әлемдегі экономикалық проблемаларды ушықтырып жіберген уақытта, тіпті дамыған елдер де азаматтардың табысын төмендету және жұмыссыздықтың өсуі бөлігінде елеулі қиындықтарға тап болған жағдайда жаңа Парламентті өте күрделі кезең, ауқымды жұмыстар күтіп тұр.
Сол себепті де біз үшін жаңа Парламенттің тек бақылаушы орган ғана емес, халықтың идеялары мен мәселелерінің жетекшісі болуы маңызды. Алдағы парламенттік сайлау биліктің өкілді органдарының рөлін арттырудағы негізгі қадам болады.
А.Дощанова, А.Байтұрсынов ат. Қостанай өңірлік
университеті басқарма төрағасы-ректорының м.а.