Назарбаев университеті білім беретін бағыттар

Мектеп бітіріп оқуға түскелі жүрген түлектер үшін таңдаудың түр-түрі бар. Бірі – мамандық таңдау болса, тағы бірі жоғары оқу орнын іздеу. Онда сен таңдаған мамандық бар-жоғын тағы білу керек. Осы орайда Назарбаев университеті қай бағыттар бойынша білім беретіні және оқыту процесінде неге басымдық беретіні жайлы айта кетпекпіз. Бұл сұраққа Назарбаев университеті Провост офисінің бас менеджері Айжан Мусина “Жұлдыз FM” радоиосы эфирінде жауап берді, деп жазады massaget.kz

 

– Назарбаев университеті көптеген пәндер бойынша сапалы академиялық бағдарламаларды ұсынады. Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, химиялық, механикалық, құрылыс, электр және аэроғарыш инженериясы, робот техникасы және басқа салалар бойынша білім беру бағдарламаларын ұсынады. Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, математика, физика, антропология, экономика, еуразиялық зерттеулер, саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар және басқа да зерттеулер салаларындағы әлемдік деңгейдегі білімді ұсынады. Медицина мектебі денсаулық сақтау және беймедициналық зерттеулер саласындағы болашақ мамандар мен кәсіпқойларды тәрбиелеуге бағытталған. Назарбаев университеті үш жоғары мектебі мемлекеттік саясат, білім беру, бизнес және қаржы саласындағы академиялық және білім беру бағдарламаларын ұсынады. Назарбаев университеті білім беру, зерттеу және инновацияларды біріктіретін әлемге әйгілі зерттеу университеті болуға ұмтылады. Бұл стратегиялық мақсат университеттің білім беру процесіндегі басымдықтарды айқындайды. Біз ғылыми зерттеулермен интеграцияланған оқыту процесіне басымдық береміз. Біз ғылыми зерттеуге бейімделген білім беру бағдарламаларын әзірлейміз және енгіземіз. Біздің оқытушылар зерттеулерді оқыту процесіне интеграциялаудың әртүрлі стратегияларын қолданады. Бұл студенттердің зерттеуге байланысты тапсырмаларды орындауға қатысуы және де оқытушылардың жетекшілігімен зерттеу жобаларына қатысуы, сонымен қатар зерттеу конкурстары мен халықаралық конференцияларға бірлескен автор ретінде қатысуы, сонымен қатар біз жан-жақты дамыған азаматтарды және жауапты көшбасшыларды тәрбиелеу үшін студенттерімізге біртұтас білім беруге тырысамыз, – деді ол.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий