Шымкенттегі университеттің лицензиясы қайтарылды

Шымкенттегі Халықтар достығы университеті жұмысын қайта жалғастыратын болды. Университет басшылығының аппеляциялық шағымын қараған сот осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен аталған жоғарғы оқу орны лицензиясынан айырылған еді. Айта кетейік, биыл министрліктің тексеру тобы университет жұмысында 40 түрлі кемшілікті анықтаған. Оны жоюға 5 ай уақыт бергенімен, 4 олқылық сол күйі қала берген. Яғни университетке студенттерді оқуға қабылдау ережесі бұзылған. Оқу процесі өз деңгейінде жүрмеген. Сондай-ақ түлектердің жұмысқа орналасуы көрсеткішінің төмендігі мен кітап қорының жеткіліксіз екені расталған. Алайда сот мұның барлығын дәйексіз деп тауып, істі университет пайдасына шешіп берді. Алайда, осы уақыт аралығында 100-ден астам студент университеттен құжаттарын кері қайтарып алған. 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий