Министрлік ата-аналардың чатында тараған қауіпті ойын туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Ата-аналардың үрейін туғызған компьютерлік ойын туралы хабарлама ішкі істер және ақпарат министрліктеріне жолданды. Ата-аналардың чатында балаларды суицидке итермелейтін танымал компьютерлік ойын туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

– Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпаратты бірден өкілетті органға – ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдады. Олар бұл контентті зерделеп, бұғаттау мәселесін шешеді. Сондай-ақ, контенттің қауіпсіздігін тексеру үшін “Киберқадағалау” ақпараттық жүйесіне орналастырдық, – делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған қоса, шындыққа жанаспайтын хабарлама таратқандарға шара қабылдау үшін ақпарат ІІМ-ге жіберілді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жалған ақпарат таратпауды және, қажет болған жағдайда, сенім телефонына хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 74-25-28 және +7 (778) 289-81-57.

Сонымен қатар, тәулік бойғы BALA QORGAU телеграм-чатына да жүгінуге болады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Among Us (“Біздің арамызда”) ойыны туралы ақпарат пайда болды. Анонимді аудиохабарламада ойынның балаларды суицидке итермелейтіні айтылған.

Among Us – қолданушылары көп компьютерлік ойын. Оны америкалық InnerSloth компаниясы әзірлеген. Ойын 2018 жылы 15 маусымда шықты. Ғарыш кемесіне “жиналған” ойыншылар екі командаға – экипаж мүшелері және сатқындар деп бөлінеді.

2018 жылы ойын қатты танымал болмаған еді, бірақ биыл Twitch пен YouTube-тің арқасында кең таралды.





Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий