Тұңғыш президент күні – айтулы мереке

1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің шығу тарихына шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасы мен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілегенеді. Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақ елі өзінің тұңғыш президентін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген  зор еңбегі танылған болатын.

Мұндай мереке тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемдік тәжрибеде бар процесс.  Мәселен АҚШ-та ақпан айының үшінші дүйсенбісі Президент күні. Аталмыш мереке 1855 жылдан бері АҚШ-та жалпы ұлттық деңгейде аталып өтеді. Бұл мереке АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне арналған. Бұл американдықтардың ертеден тойланып келе жатқан мерекелерінің бірі. Оның тарихы 1782 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Вирджиния штатындағы Ричмонд қаласында 1732 жылдың 22 ақпанында дүниеге келген Джордж Вашингтонның туған күнін көпшілік тұңғыш рет атап өткен болатын. АҚШ мемлекетінің бастауында тұрған, оның негізін қалаған, елдің тұңғыш мемлекет басшысы болған, елдегі демократиялық институттар мен қағидаларын қалыптастыруға айрықша еңбек сіңірген Джордж Вашингтонның туған күні – 22 ақпан бұл елде Президент күні ретінде аталып, 1885 жылы 22 ақпан Вашингтон күні деген атауға ие болған ұлттық мереке ретінде жарияланды. Американдықтар 1809 жылдың 12 ақпанында дүние есігін ашқан Авраам Линкольнді де қатты қадір тұтатындықтан, 1970 жылдары осы екі айтулы датаны біріктіріп, ақпан айының үшінші дүйсенбісін Президенттер күні ретінде атап өту қолға алынды. Президент Ричард Никсон дәл осы күні АҚШ-тың барлық президенттерін еске алуды ұсынды, сондықтан бұл елдің анықтамалықтарында аталмыш мереке Вашингтонның және Линкольннің туған күндері және Президенттер күні ретінде көрсетілген.

Исландия елінде бұл күн 14 мамырда тойланады. Мемлекеттің бесінші әрі қазіргі президенті Олавура Рагнара Гримссонның құрметіне мемлекеттік дәрежеде мерекеленеді.  Өзіміздің бауырлас ел Түркия Республикасында 19 мамыр «Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні». 1919 жылы 19 мамырда тәуел­сіздік үшін күрескен ұлттық қоз­ғалыстың көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік Самсунға келіп, шетелдік интервенцияға қарсы мобилизация жариялаған болатын. Түркия тарихында бұл күн – азаттық үшін күрестің басталған күні.

Қарап отырсақ әлем елдерінде президент күні тәуелсіздікпен тығыз байланысты.  Тереңге бармай – ақ, алаш арыстары 1917 жылы желтоқсан айының 5 мен 13 аралығында Орынборда өткен Екінші Жалпы қазақ  съезінде Алаш автономиясы жарияланып, жабық дауыс беру нәтижесінде Ә.Бөкейханжеңіске жетіп, Қазақстанда демократиялық сайлау жолының мықты іргетасын қаланған еді. Бірақ, аз уақытта тәуелсіздігімізден айрылып, 70 жыл Кеңес Үкіметінің құрамында болдық. Тек, алып империя құлағаннан кейін 1991 жылы бірінші желтоқсанда жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Шекарамызды айқындап, заңды құжатқа айналдырды. Заңымызды, мемлекеттік Рәміздерімізді және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Тұңғыш Президент күнінің ерекшелігі сонда, ол – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, ТМД-дағы алдыңғы орынға шықты.

1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қазақстан тарихы кафедрасы профессор- оқытушылары студент жастарға «ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстандық үлгідегі мемлекеттік құрлысты қалыптастырушы» тақырыбында лекциялар өткізді. Оқу орнымыздағы директордың орынбасарлары Елбасыға арналған деректі фильмдердің көрсетілімімен кураторлық сағаттар өткізді. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен тарихшы әріптестерім университетіміздің барлық мамандықтарына «Н.Ә. Назарбаев – тарихтағы тұлға» және «Мемлекеттік басқару теориясы мен тәжірибесіне Тұңғыш Президенттің қосқан үлесі» тақырыптарында лекция және семинар сағаттарын өткізді. Жалпы ел бойынша аталып өтілетін Елбасының жас мемлекеттің қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі туралы баяндайтын бірқатар салтанатты іс-шаралар, дәрістер,  көрмелерді өткізуге Ахмет Байтұрсынов оқу орнының басшылығы профессор – оқытушылары мен студент жастары өз үлестерін қосуда.

 

А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай өңірлік университеті
Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі,
PhD доктор Р.Байдалы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий