Жамбылдық оқушылардың 60 пайыздан астамы қашықтан білім алып жатыр

Жамбыл облысында оқушылардың 60 пайыздан астамы қашықтан білім алып жатыр.Бұл туралы Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова өңіплік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтың бас ұстазы негізінен пандемия кезіндегі білім беру бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Бүгінде облыс бойынша жалпы саны 442 мектеп бар десек, онда 238 682 оқушы оқиды. Былтыр 230 860 оқушы болатын. Яғни өңірде оқушы саны өскені байқалады. Дегенмен дерт дендеген бүгінгі күні облыстағы оқушылардың 60,1 пайызы қашықтан сабақ оқып жүр. Яғни ІІ тоқсан басталғалы 221 мектепте 144 656 оқушы қашықтан білім алуда. Ал эпидемиологиялық жағдайы тұрақты шалғай елді мекендерде орналасқан 234 мектепте 36 632 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда. Сондай-ақ оқушы саны 300-ден аспайтын мектептерде 1-5 сыныптар үшін 4493 «кезекші сыныптар» ашылған. Онда 59 425 оқушы дәстүрлі түрде оқиды,-деді Г.Қожабергенова.

Брифинг барысында орта оқу орындарындағы білім беру жағдайы да қозғалды. Спикердің сөзінше, облыстағы 46 колледжде 23 700 студент білім алуда. Оның ішінде 39 колледжде 19 561 студент қашықтан, ал 7 колледжде 1 298 студент штаттық режимде оқып жатыр екен. Басқарма басшысы облыс бойынша оқушыларға орын жетіспейтіндігін жасырмады. Бүгінде 7 мектепте орын тапшылығы барын айтты.

– Биыл 1 мектептің қосымша ғимаратының құрылысы аяқталуына байланысты мәселе шешіледі. Қалған 6 мектептің мәселесін 2021 жылы салынатын 4 жаңа мектептің құрылысы есебінен шешу жоспарланып отыр,-деді ол,

басқарма басшысы. Бұдан бөлек аймақта апатты деп танылған 3 оқу ордасы бар. Ол мектептердің мәселесі келесі жылы шешімін таппақ. Осы бағытта 1 жаңа құрылыс және 2 жапсарлас құрылыс жүргізу жоспарлануда.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий