Абай шығармалары әзербайжан тіліне тәржімаланды
Эльхан Зал Гараханлы бастаған тәржімашылардың Абай шығармаларын аударуға бес ай уақыты кеткен. Жаңа жинақтың бірегейлігі ұлы ойшылдың барлық туындысы бір кітапқа жинақталған, деп хабарлайды 24.kz
Әзербайжан ақыны қазақ классигінің шығармалары оның көзқарасына көп әсер еткенін айтады.
Эльхан Зал Гараханлы, ақын, Махмұд Қашқари қорының жетекшісі:
– Қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласына барғанда Абай шығармаларын әзербайжан тіліне аударамын деп серт берген едім. Содан Ибрагим Ильяслы екеуіміз іске бірден кірісіп кеттік. Кеңестік заманда қазақ классигінің шығармалары аударылған, бірақ олар орыс тілінен тәржімаланған еді.
Ақын аударма барысында қазақ тілі мен әзербайжан тіліндегі көп сөздер ұқсас екенін байқайды. Сондықтан тәржімалау кезінде көп қиындық туындаған жоқ.
Эльхан Зал Гараханлы, ақын, Махмұд Қашқари қорының жетекшісі:
– Мен Абай қазақ халқы үшін тұтас бір әлем екенін түсіндім. Оның шығармалары қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетінде тұнып тұр. Абай туындылары сынға да, лирикаға да, нақыл сөздерге де толы.
Коронавиус індетінен кітаптың тұсаукесері кейінге қалды. Бірақ авторлар жаңа жинақты жұртқа жуық арада онлайн-конференция арқылы таныстыруды көздеп отыр.
Загрузка...