Балдәурен – Қапшағай: “Үздік ұйымдастырушы ұстаз – 2020” анықталды

Ұйымдастырушы ұстаздардың кәсіби мәртебесін арттыру, шығармашыл, жаңашыл ұйымдастырушы ұстаздарды анықтау және оларды ынталандыру мақсатында «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығының Қапшағай қаласындағы филиалында тұрақты дәтүрге айналған “Үздік ұйымдастырушы ұстаз – 2020” байқауы өткізілді.

Байқауды ұйымдастыру арқылы ұйымдастырушы ұстаздар арасында кәсіби және мәдени байланыстарды дамыту мен нығайту; ұйымдастырушы-ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін арттыру; балалардың демалысы кеңістігінде инновациялық бағдарламаларды іске асыру алаңын құру; бәсекеге қабілетті қазіргі заманғы ұйымдастырушы ұстаздың жағымды имиджін қалыптастыру көзделіп, жүзеге асырылды.

Төрт кезеңнен тұратын байқау бір ай көлемінде жүргізілді. Бірінші 3 кезеңде басып озып, көп ұпай жинаған алты қатысушы ақтық мәре төртінші кезеңге жолдама алды. «Жетістік жинағы» ұйымдастырушы ұстаз портфолиосы атты бірінші кезең қатысушының педагогикалық қызметтегі жетістіктерін айқындайтын әр түрлі бағыттардағы материалдармен қамтылуы керек. Қатысушыларға бір қарағанда өте оңай, өздерінің бүгінгі күнге дейін жасаған жұмыстарының нәтижесін бір арнаға жиып, әділ қазы алқаларына қызықты түрде ұсынулары тиіс болды. Бұл кезеңде әнмен, бейнероликпен, тіпті заман талабына сай онлайн телеграмм-бот арқылы да таныстырулар ерекше көзге түсті.

«Менің құнды идеям» атты екінші кезеңде авторлық (педагогикалық) бағдарлама немесе еркін тақырыптағы ауысымға арналған жаңа іс-шара жобасын жасап, қорғалды. Бұл кезеңнің ең үздік жобасы – «Жастар» тобының жаңа имиджік өнімі ойлап табылып, жаңа форманың жасалуы. Үшінші кезең – «Мамандығым мақтанышым» видеоролик байқауы. Әр қатысушы бұл кезеңде мамандыққа деген құрметін, қызығушылығын, көзқарасын көрсетіп, оның қиындығы мен қызығын ашып, өзіндік бейнетуындыны қазылар алқасының назарына ұсынуға тиіс болды. Әр жұмыс бір-біріне ұқсамай, өзіндік ерекшеліктерге толы болды.

Осы үш кезеңнен сүрінбей өткен алты үміткер «Менің жаңа қырым» шығармашылық байқауына жолдама алды. Бұл кезеңде ұйымдастырушы-ұстаздар өздерінің бұрын-соңды көрсетпеген жаңа шығармашылық қырларын көрермен назарына ұсынып, барлығын таң қалдырды. Әр қатысушы сахнада шоу жасап, керемет ұмытылмастай әсер қалдырды. Барлық қатысушылар сертификатпен марапатталды. Әділ қазы алқасының шешімімен қосымша «Жеңіске деген ұмтылыс» номинациясымен Әбдіқадір Айдос, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Сүлеймен Олжас марпатталды.

Төртінші кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Үшінші орын және 20 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыны Сайбекова Гүлайым жеңіп алды, екінші орын және 30 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыға Сламғали Аяулым ие болса, жүлделі бірінші орын мен 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыны Мереке Жанкелді иеленді. Ал бас жүлде, 100 000 теңге көлеміндегі сыйақыға қоса жеңімпаз медалін Бақытнұр Думан қанжығасына байлады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жұректен құттықтаймыз!

Айбек ЖАМБЫЛ,
Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығы Қапшағай қаласындағы филиалдың
тәрбие кешені меңгерушісі, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий