Педагогикалық дуэт: Ұстаздар шеберлігінің үндестігі

Орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп беріледі («Педагог мәртебесі» туралы (27. 12. 2019 ж) Заңның тәлімгерлік туралы 13-бабы).

Бүгінде педагогтардың ұрпақтары арасында іске деген көзқараста алшақтық байқалады. Аға мұғалімдер үшін баланың жеке басы бірінші орында, және олардың көпшілігі «қажет» мотивін басшылыққа алады. Жас мұғалімдерде прагматикалық және функционалды тәсілдер жиі кездеседі, олардың позициясы орындаушылық деңгейде. Сондықтан, педагогикалық шеберлікті арттырумен, әдістер мен технологияларды игерумен қатар, жас мұғалімдерге құндылық бағдарларын мен тәжірибелерін беру маңызды.

Ұрпақтар арасындағы алшақтықты жеңу үшін тәжірибелі және тәжірибесіз мамандардың, екі мұғалімнің/екі топтың, көшбасшы мұғалімнің және әртүрлі жастағы бейресми педагогикалық қоғамдастықтың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, ұрпақтар арасындағы тәлімгерліктің институтаралық қатынастарын құру. Тәлімгерлікті ұйымдастыруда өткен кезеңнің дәстүрлерімен қоса, білім беру мазмұнын жаңартудың қазіргі заманғы үрдістерін де ескеру қажет.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ» жуырда еліміздегі волонтер жылына арналған «Педагогикалық дуэт» тиімді тәлімгерлік және кәсіби шеберлік имиджі облыстық байқауының финалы ұйымдастырылды. Республиканың солтүстік аймағындағы педагогикалық қауым арасында үлкен танымал болған бұл байқауға қатысушылар биыл жетінші рет бақ сынаған болатын. Басты мақсаты – білім берудің жаңа сапасын жүзеге асырудың маңызды ресурсы ретінде тьютерлік тәжірибені тарату, жас педагогтердің көшбасшылық сапасын көтеру және тәлімгерлік тәжірибені қайта жандандыру.

Сайысқа Петропавл қаласынан, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, Тайынша, Аққайың, Айыртау  аудандарынан мектепке дейінгі мекемелерден, ТжКББ ұйымдарының оқытушылары, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, мектеп-интернат және жалпы білім беретін мектептерден  87 дуэт құраған жас мамандар мен тәлімгерлер қатысты. Бірінші (сырттай) турдың қорытындысы бойынша мәреге 86 педагогикалық дуэт жетті.

Педагогикалық дуэттер педагог-тәлімгердің және жас маманның кәсіби өзара іс-қимыл идеясын көрсететін “Performance: кәсіби табыстың фирмалық рецепті” тақырыбында бейнеролик дайындалып, Instagram orleu_sko әлеуметтік желісінде жарияланды. Жұртшылықтың тәуелсіз бағалауының қорытындысы бойынша 10 педагогикалық дуэт финалдық кезеңге өтті. «Білім беру ұйымында отбасылық тәрбиені жетілдіру немесе ата-аналармен жұмысты жетілдіру жөніндегі шағын пікірсайыстар» конкурстық сынағын тәлімгер мен жас педагог бірлесіп ұсынды. Шағын дебаттар тақырыбының өзектілігі ҚР БжҒДМБ 2020-2025 жылдарға арналған «Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету» міндетімен негізделген.

Бұл сайыстың әділқазылар алқасын педагогика қызметінің ардагерлері, М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, СҚО ҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы, «Білім» бастауыш партия ұйымының төрайымы, «Нұр Отан» партиясы қалалық саяси кеңесі бюросының мүшесі, «Үздік педагог – 2020» белгісінің иегері, республикалық және облыстық сайыстардың жеңімпаздары құрады.

Әділқазылар алқасы үшін сайыстың бағалау критерийлері негізінен педагог қызметінің жүйелілігіне, жаңашылдығына, таныстырылымның толықтығына, таныстыру мәдениетінің деңгейіне, дуэт құрамының өзара қызметіне, аудиториямен байланысу деңгейіне, дидактикалық мәдениетіне, кәсіби шеберлігіне, педагогикалық әртістілік шеберлігіне басымдық берді. Үздіктерді іріктеудің нәтижесінде «Тәлімгер мен жас маманның педагогикалық дуэті» атты VII облыстық сайыстың кезекті жеңімпаздары анықталды.

Бірінші дәрежелі Дипломмен Айыртау ауданындағы Саумалкөл мектеп-гимназиясының ұстаздары Анжелика Аркадьевна Иванова мен Арайлым Руслановна Аманжолова марапатталса, екінші дәрежелі Дипломды Петропавл қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектептің мұғалімдері Анар Жолболдиновна Конурбаева мен Диана Амангельдиновна Кошкенова және  облыс орталығындағы №25 жалпы білім беретін орта мектептің педагогтері Толкын Жылкыбаевна Каиржанова, Айкүміс Ақжігітқызы Әбілда төртеуі иеленді. Үшінші дәрежелі Диплом Мамлют ауданындағы Беловская орта мектебінің мерейін асырған Анар Аскеровна Шарипова, Юлия Владимировна Почтова мен Петропавл қаласындағы Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның өкілдері Айжан Куанышбайқызы Кусаинова, Жансая Саятқызы Марленова және облыс орталығындағы «Дарын» мектеп-лицейіндегі әріптестеріміз Асель Маратовна Рамазанова, Камила Куатовна Садвакасова лайық танылды.

Амина Тайланова

Жүлделі орын иелеріне «Білімді ел – Образованная страна» республикалық білімділік қоғамдық-саяси газетінің 1 жылдық жазылымы сыйға тартылады. 2021 жылға арналған жазылымдарды ұсынғандар – кәсіпкер, меценат, «Еврей мәдениеті» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Евдаев Рашбиль Ильхананович, «Үздік педагог – 2020» белгісінің иегері Букенов Ерлан Жумабекұлы және «Өрлеу» Солтүстік Қазақстан филиалының директоры, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Мурзалинова Алма Жакимовна. Сонымен қатар жүлдегерлерге арнайы дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Педагогикалық тәлімгерліктің мәні мұғалімдердің кәсіби дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыру процесінде туындайтын жеке және ұжымдық білім беру тапшылығын шешуден тұрады. Педагогикалық тәлімгерлік мұғалімге көрсетілетін қызмет емес, білім беру қызметі емес, педагогты тиімді кәсіби қызмет, жеке тұлғаның ішкі әлеуетін ашу үшін қажетті біліммен қамтамасыз етудің қоғамдық маңызды, әлеуметтік маңызды көп қырлы процесі болуы керек. Оның ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік қолдауы тұрақты бірлескен рефлексияға, сыни талдау мен болжауға негізделген, ол қауіп пен қателіктерді азайту факторына айналады.

Айман Ергазиевна КЕНБЕИЛОВА,
“Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша
ПҚ БАИ» білім беру процесін психологиялық
педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының курстан
кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу
зертханасының меңгерушісі

Амина Сериккалиевна ТАЙЛАНОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша
ПҚ БАИ» инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий