Білім кәсіподағы: Сала қызметкерлерінің мүддесі басты назарда

Білім саласы қызметкерлерінің мүддесін қорғау үнемі біздің назарымызда. Бала бағбаны атанған ұстаздардың әлеуметтік мәселелерін шешу жолында игілікті істер жан-жақты жүзеге асырылуда. Облыcтық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы аймақ педагогтарының мәртебесін көтеруде әркез белсенді.

Мұғалім еңбегін бағалап, оларды барынша көтермелеу – ұйымының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Пандемия уақытында ұстаздардың кәсіби қызметін оңтайландыру жолында бірқатар тың жұмыстар қолға алынды. Бұл ретте, облыстық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен оқу жылында «Алтын белгіге» бітірген түлектердің алғашқы ұстаздарына Түркістан облысындағы «Бір көлік» шипажайына жолдама табысталған болатын. Аймақ бойынша 300-ге жуық бастауыш сынып мұғалімдері «Бір көлік» шипажайында демалып қайтты.

Негізінен, «Бір көлік» шипажайы Төле би ауданында, тау етегінде орналасқан. Шатқал бойын жағалай «Бір көлік» өзені ағады. Тау беткейіндегі таза ауа денсаулыққа пайдалы. Шипажайда долана, итмұрын ағаштары мен алма, өрік бақтары бар. Профилактикалық шипажайда тәжірибелі мамандар тыныс алу жүйесі, жүрек, қан-тамыр, тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі секілді бірнеше дертті емдеп жазады. Сонымен бірге, түрлі мәдени-көпшілік және сауықтыру шарасы күнделікті ұйымдастырылады.

Елдегі орын алған пандемия уақытында білікті мамандарымызға ерекше демалыс ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыс жасау міндетіміз деп білемін. «Бір көлік» шипажайында ұстаздарымыз ерекше көңіл-күйде тыныққанына сенімдіміз. Ұстаздар қауымы үздік шәкірттерімен мақтанады. Ал біз өз кезегімізде әріптестерімізге ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріне шын пейілмен алғыс айта отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс пен абырой тілейміз. Біз сіздермен әрқашанда біргеміз!

Гүлнар ЕСҚАЛИЕВА,
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағының Қызылорда облыстық
комитетінің төрайымы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий