Ақмола облысы: Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды

Еліміздегі білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде инклюзивті білім беруді қолдау бойынша Степногорск қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 орта мектебінде арнайы кабинет ашылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Кабинеттің ашылуы елордасындағы «Дара» жеке қоры арасындағы ынтымақтастық келісім және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асты. Облыстық білім басқармасы соңғы алты жылдан бері бұл қорлармен ортақ мақсатта бірлескен жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде осы кезең аралығында Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданында екі инклюзивті білім беру ресурстық орталығы, Көкшетау қаласы мен Шортанды ауданында тағы да 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ұйымдастырылды.

Инклюзивтік білім беруді қолдау кабинетінің мамандары мектептегі оқу процесінде оқушыларға психологиялық-педагогикалық, коррекциялық қолдау көрсететін болады. Жұмыс істеуі негізгі жалпы білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде жеке білім беру бағдарламалары негізінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды бейімдеу, оқыту және түзету үшін арнайы жағдайлар (орта, кадрлық, ұйымдастырушылық) жасауды, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды типтік дамушы құрдастар арасында жалпы білім беретін сыныптарда инклюзивті білім беруге көшуге дайындауға бағытталған.

– Мен балалар, ата – аналар үшін және осында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін бұл күн  мереке болатынына сенімдімін, өйткені ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың проблемаларын реттеу арқылы біз болашағымыздың маңызды мәселелерін шешеміз, – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов.

Осы жылдың соңына дейін инклюзивті білім берудің үш ресурстық орталығы және инклюзивті білім беруді қолдаудың бес ресурстық кабинеті жұмыс істейтін болады. Алдағы бес жылдың көлемінде тағы да қосымша 103 инклюзивті білім беруді қолдау кабинетін ашу жоспарланған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий