Ақтөбелік оқушылар ұлттық спорттан жоғары нәтиже көрсетті

Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Асық ату ұлттық ойындардың ішінде арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады, – деп хабарлайды Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді Сондықтан ғасырлар бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланған жөн.

– Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен ұлтық мектеп лигасы бағдарламасындағы «Бес табан», «Бес асық» ойындары жуырда жаңа форматта ұйымдастырылған болатын. Біздің аймақтың намысын облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген  Байғанин, Ырғыз, Хромтау аудандарының оқушылары қорғады.  «Бес асық» ойынын да Байғанин ауданының оқушылары 15 команда ішінен  жүзден жүйрік шығып, жүлделі екінші орынға табан тіреді. Республикалық жарыста жоғары нәтижеге жеткен талантты өрендерді құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттау жолында ерен еңбегімен танылған жетекшілерге алғыс білдіреміз, – дейді “Ақтөбе-Дарын” ӨҒТҚББО “Спорт және салауатты өмір салтын қалыптастыру” бөлімінің әдіскері Нұрсұлтан Ерланұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий