Ержеткенде еліме ерінбей қызмет жасаймын

Тарих бүгіннен басталғанымен оның тамыры тереңде жататыны белгілі. Ширек ғасыр аралығында керегесі кең, шаңырағы биік – жаңа мемлекет құрғаны ерекше мақтанышпен әрдайым еске алып отырғанымыз. Біздің елде жасалып жатқан игіліктің бәрі –халық үшін. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен іске асты.

Көреген де дана басшы екендігін бүкіл əлем таныған. Еңбегі ешқандай мұраға тең емес. Менің елімде 130-дан астам өзге ұлт өкілдері достық пен бірлікте  өнегелі тұрмыс кешуде. Бүгінде Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы, тағы басқа өзінің орны бар іргелі мемлекетке айналды. Елбасымыздың өмірбаянына тоқталып өтсек, 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ата-анасы  Нұрсұлтан деп ат қойған. Әкесі – Әбіш көңілді, қадірлі адам болған. Орыс және балгар тілдерінде еркін сөйлеген.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Сабақты зор ықыласпен оқып, үздік оқушысы болған. Үлкендер айтқан ежелгі аңыздар әңгімелерді тыңдаған. Күрес үйірмесіне қатысып, домбырамен ән айтқан. «Балалық шағымның аспаны» аты фильмді көріп Елбасының өмірге келген шағынан бастап, өмірін тамашалап қандай өткелдерден өтіп ержеткенін білдім. Өмір жолын 1960 жылы металлургия комбинатында қарапайым жұмысшы ретінде бастаған. Әлем тәжірибесінде Президент күндері бар. Мәселен АҚШ-та ақпан айының үшінші дүйсенбісі – Президент күні. Ал біздің еліміздің бірінші желтоқсан  «Тұңғыш Президент Күні» деп аталады.

Елбасының өмір жолынан үлгі аламын. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына «Туған жерге туыңды тік» деп айтылған. Шәкірт жүрегіммен қайсар еңбегіне ықыласым ерекше. Ержеткенде еліме ерінбей қызмет жасаймын. Жаналықтар ашамын. Ауыл жастарына жұмыс орындарын ашып, әдемі үйлер саламын. Егін шаруашылығы, мал шаруашылығын дамытамын. Еліміздің рухын биік ұстау бізге жүктеледі.  Өз еліңнің тарихын біліп құрметтеу- әр патриоттың міндеті. Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген ниетпен өз ойымды «Ұлым деген жұрт болмаса, жұртым дейтін ұл қайдан туады» деп аяқтағым келеді.

Нұрсейт ДІНМҰХАММЕД,
№65 мектеп-гимназиясының 4 «В»
сынып оқушысы, 
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий