Бүгінгі заман талабы – білікті музей маманы

Қазіргі кезде жоғары оқу орнына қойылатын ең басты талаптардың бірі бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау болып табылады. Осындай үдеден шығатын еліміздегі ең ірі әрі ғылыми әлеуеті мықты орталықтардың бірегейі әрине әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

«Өткеніңді білмесең – болашағыңды болжай алмайсын» – деген қанатты сөзден бүгінгі күннің көкейтесті сауалдарына жауапты біздер өткеннен іздеп таба алатынымызды байқаймыз. Ал осы өткен мен болашақты жалғастырып тұрған түйін ол ата-бабамыздың асыл қазынасын сақтап, оны бүгінмен байланыстырып тұрған музей деп айта аламыз. Сол себепті халымыздың мәдени мұрасын одан әрі қорғап, сақтайтын, қалпына келтіретін және оны насихаттайтын мамандар бүгінгі заманның талабы болуы заңды құбылыс.

Осы жұмысқа жастарды баулу мақсатында ұлттық университтің тарих, археология және этнология факультетінде «5В041900 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы ашылған. Сол кезден бері, бүгінгі күнге дейін отандық музей ісі саласының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген көптеген кәсіби мамандарды оқытып шығарды. Келешекте осы бағыттағы жұмыстарды ілгерілету арқылы ұлттық музейлерімізді әлемдік деңгейге жеткізу мақсатында факультеттің білікті оқытушылары арнайы курстар мен пәнаралық зерттеулерге сүйеніп, студентке теориялық білім беруге ұмтылуда.

Бәсекеге қабілетті білікті маман болуы үшін студенттер ақпаратты өзі іздеп табуды, талдай білуді және оны дұрыс пайдалана білуі керек. Әрбір білімгер оқу бағдарламасындағы семинар сабақтар арқылы өз ойын еркін жеткізе алады. Сонымен бірге университет қабырғасында интернет желісі орнатылған. Демек іздінімпаз жас кез-келген уақытта өздеріне керекті ақпараттарды, ең бастысы шетелдік музейлердің тарихымен, үздік экспонаттарымен танысып, олардың тәжірбиелерін саралауға және шетелдік виртуалды музейлерге сапар шегуге мүмкіндіктері бар.

Және де оқытушылар Алматы қаласының ең ірі ҚР МОМ, Алматы тарихы музейі, Д.А. Қонаев музейі, Ықылас Дүкенұлы атындағы саз аспаптар музейімен тығыз байланыс орнатқан. Сондықтан студенттер музейдегі мамандарымен бірге екі апталық тәжірбиеден өту барысында теориялық білімін іс жүзінде шыңдайды. Университет шетелдік ең үздік жоғары оқу орындарымен іскерлік бағытта әріптес. Бұл студенттерге мамандықтары бойынша академиялық ұтқырлық арқылы шетелге шығуға жол ашады.

Осы мамандықтың студенттері әлемнің ең үздік музейлерінде болып, ондағы қызметкерлердің жүргізіп жатқан жұмыстарын саралап, сол арқылы болашақта онда жинаған тәжірбиесі арқылы, отандық музей ісін жоғары сатыға көтеру бағытында табысты үлестерін қосып келеді. Осы мамандықтың бітірушілеріне алған білімдерін одан ары тереңдетулері үшін магистратурада оқуына және осы жылдан бастап «8D022 – Музей ісі және ескерткішті қорғау» мамандығы бойынша докторантураға түсулеріне жағдай жасалған.

Амангелді АРДАНА,
ә
л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің
тарих, археология
және этнология факультетінің 4-курс студенті,
Ақтөбе облысы,
Мұғалжар ауданындағы
Ы.Мұхамеджанов атындағы орта мектептің түлегі

Меруерт ЕГІЗБАЕВА,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің доценті, тарих
ғылымдарының кандидаты, мақала жетекшісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий