Ұлағатты ұстаздың үлгісі

Туленова  Акбала Жолдыбаевна 2005 жылдан бері Байғанин техникалық колледжінде, оның ішінде 2010 – шы жылдан тарих және география пәнінің оқытушысы болып жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Акбала Жолдыбаевна бірінші санатты, өз пәнін жетік меңгерген, еңбексүйгіш үлгілі ұстаздардың бірі. Колледждегі іс – шараларға белсене араласып, үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Ұстаздық еткен уақыттарда білім мен тәрбиені ерекше ұштастыра біледі.

Жаңашыл педагогтар мен ғасырлар бойы келе жатқан ұлы педагогтар қағидаларын басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды. Әр сабағына жан – жақты дайындалып, жаңа технологияны тиімді пайдаланып өткізеді. Студенттердің бойына таза қазақы қалып пен  тарихымызды, салт- дәстүрімізді сіңіруге зор ықпал етіп келеді. Ұстаздың облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің материалдары жинағына «Батырларымыз бар бақытты елміз!», «Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңдері» атты баяндамалары, «Ақтөбе ұстазы» газетіне «Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы» тақырыбында ашық сабағы, «Бақыт гүлін терген күн!» атты тарихи кеші, «Педагогтың  қызметі – Заманауи білім беруді дамытудың негізі» тақырыбында эссе, «Педагогикалық шолу» журналына «Жігіт сұлтаны» атты сайысы жарияланды.

Соңғы оқу жылдарында «Біз таңдаған жолдар» атты электронды орта,  «Қазақстан тарихы және география пәні сабақтарында оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамыту» атты әдістемелік құралы Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығынан жарыққа шықты. Колледжде өткізген  «Тәуелсіздіктің бастауы – Желтоқсан», «Қыздар – көктем гүлі!» атты кештері жоғары деңгейде бағаланды. Методикалық отырыста «Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңдері», «Тәуелсіздік тарихы – ел тарихы», «Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың тиімділігі» тақырыбында оқылған баяндамалары үлгі аларлықтай.

«Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы»,  «Қазақстан индрустрияландыру кезеңінде», «Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудың тарихи маңызы», «Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы»  және басқа да тақырыптарда ұйымдастырған ашық сабақтарында студентер аса қызығушылықпен, бар ынтасымен, қатысады. Өткізген әр сабақтары тартымды, қызықты өтеді және «өте жақсы» деп бағаланды. Қазіргі кездері студенттерді шығармашылыққа баулып, өз бетімен ізденуге, елдегі болып жатқан тарихи оқиғалармен ақпараттандыру мақсатында жұмыстар жүргізуде. Түрлі шараларға, байқауларға қатыстыруға ықпал етуде.

Топқа бөліп, деңгейлеп оқыту әдістерін әр сабағында пайдаланып, жаңа технологияны пайдалана отырып, жаңа ақпарат көздеріндегі жаңалықтармен студенттерді үнемі хабардар етіп отырады. Алға қойған мақсаты колледж студенттерін шебер сөйлеуге, ойларын ашық айтуға,тарихи даталарды есте сақтауға, оқиғаларды талдай білуге үйрету. Оқытушы әр уақытта өз білімін жетілдіріп, облыстық көлемде өткізілген семинар оқуларға қатысып оқытудың озық тәсілдерін қолдана біледі. Үнемі білімін жетілдіріп отырады. Студенттерге сабақ беру кезінде үнемі ізденіспен, жаңашылдықпен өткізуге еңбектенді. Облыс көлемінде өткізілген тарихка қатысты түрлі тақырыптардағы семинарларға қатысып, ойға түйген нәрселерін өз сабағында пайдалана біледі.

Өтілген сабақтан студенттердің толық түсінік алуына, еркін ой түйіндеуге, ұжымдасып жұмыс жасауға мүмкіндіктерін бақылап отырады. Студенттердің шығармашылықпен айналысуға баулып, пәнге деген қызығушылығын арттырып отыруға ықпал етіп келеді. Қиындығы мен қызығы мол ұстаздық қызметінде әлі де болашағынан зор үміт күттіретін ұстаздардың бірі.

Лиза Рахатқызы ИМАНГАЛИЕВА,
Байғанин техникалық колледжінің
әдіскері, Ақтөбе облысы                                                               

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий