“Жүрегімнің түбіне терең бойла…”

«Рухани жаңғыру» аясында қазақтың ғұлама ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасының терең шығармалары мен әуезді әндері арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүю – Отан алдындағы қасиетті борыштары екендігін ұғындыру әр ұстаздың міндеті. Соған байланысты, «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығында «Жүрегімнің түбіне терең бойла…» тақырыбында Абайтану пәнінен 9-сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті сабағынан ашық шығармашылық сабақ ұйымдастырылды. 

Сабақ барысында ауысым қатысушылары ақын шығармашылығын, философиялық ойлары мен данышпандығын ұтқыр ой,  жеңіл тілмен,  жан-жақты әрі салмақты саралап, қиыннан қиыстыра білді. Сондай-ақ, ұлы ойшылдың ой түбінен шыққан  асыл сөздерін жүйелі жеткізген жас абайтанушылардың бойынан шығармашылық шабыттары мен тілге деген сүйіспеншіліктері байқалды.

Иә, Абайдың биік таныммен көмкерілген ой-өрнектері, терең гуманистік идеяға, жоғары эстетикалық философияға құрылған әдеби мұрасы қазақ халқының ғана емес, түркі әлемінің, одан әрі адамзаттың асыл қазынасы десек те болады. Шығармашылық сабақта ауысым қатысушылары мен қонақтар ақынның астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді  бойларына сіңірді.

Балдәурендіктердің Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, оның даналық сөздерінің құндылықтарына, өміршеңдігіне көз жеткізу мақсатында  өткізілген бұл сабақта тек оқушылар ғана емес, Білім кешенінің ұстаздары мен қызметкерлері де белсенді қатысып, ақын жүрегіне терең бойлап, жұмбағының сырын ашуға бірге атсалысты.

Салтанат Сағынайқызы ҚАЛИЕВА,
Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығының 
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі, 
Ақмола облысының Бурабай ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий