Жұлдыздар рөлінде – табысты түлектер

Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында «Үздіктермен өткен бір сағат» онлайн-жобасы басталды. Бірінші кездесудің қонағы лицейдің түлегі, құқық негіздері бойынша облыстық, республикалық олимпиаданың жеңімпазы Дэлия Евлоева болды, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тікелей эфирде Дэлия беделді зияткерлік сайыстарда үздік нәтиже көрсетуге ықпал еткенін айтып, олимпиадаларға дайындық құпияларымен және мектепте жақсы оқуға көмектесетін жеке ережелерімен бөлісті. Қазіргі таңда Дэлия Мәскеу қаласындағы «Экономика жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университетінің ІІ курс студенті. Бірінші онлайн-кездесудің спикері айтқандай, әрбір олимпиада қатысушысы 3 басты қасиетке ие болуы керек: жан-жақты дамуға және жеңіске деген ұмтылыс, сондай-ақ еңбекқорлық. Айта кету керек, эфир қонағы жеңістерге тек бір пән бойынша ғана емес, Дэлия экономика, математика және әдебиет пәндері бойынша зияткерлік сайыстардың жеңімпазы болды.

Лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Сейталиевтің айтуынша, жоба оқушыларды облыстық, республикалық, халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысуға ынталандыру үшін жүзеге асырылуда. Лицейдің олимпиадалық командасына жыл сайын «Үздік олимпиадалық команда» атағына иеленіп жүр, сонымен қатар лицей оқушылары Павлодар облысының олимпиадалық командасының құрамында республикалық деңгейде жыл сайын жеңімпаздар қатарында.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий