Сессия барысында студенттердің барлық жазбаша жұмыстары тексеріледі

Жоғары оқу орындарындағы күзгі семестрге дайындығы мен білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шектеу шаралары кезеңінде жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі, – деп хабарлайды осы салалық құрылымның баспасөз қызметі.



Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жоғары оқу орындары аралық және қорытынды аттестаттау процедураларын прокторинг жүйесімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ студенттердің барлық жазбаша жұмыстары антиплагиат жүйелері арқылы тексеріледі. Осы мақсатта «SEB», «Aero», «Examus», «Proctopus», «Oqylyq», «OES», «Live.atu.kz», «Hesperus» секілді прокторинг жүйелері және көшіріп алуды анықтайтын «Антиплагиат», «Plagiat.pl», «Strikeplagiarism.com», «Turnitin» және «Unihub» жүйелері пайдаланылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий