Сабақты зерттеуден іс – әрекетті зерттеуге

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер еліміздегі білім беру жүйесін де бейжай қалдырмауда. Педагог білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға міндетті.

Ол үшін әлемдік білім беру жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформаларды талдап, солардың ішінен оң нәтиже берген, біздің халықтың менталитетіне жақын, ұлттық құндылықтарымызға қайшы келмейтін тәжірибені таңдауымыз керек. Мағжан Жұмабаев өз еңбегінде «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол басқа адамдардың майданындағы тәжірибелерін көрсеткен жеке бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек» деген болатын.

Үш жыл қатарынан мектебіміз LS бойынша нәтижелі жұмыс жасауда. Мектепте 15 жұмыс тобы құрылып, осы топтарға жетекшілік жасауға, жұмысты үйлестіруге деңгейлік курстардан өткен (ілгері және екінші деңгей) 15 супервайзер тағайындалды. Осылайша ұжымның 100 пайызы LS тобына тартылды. Ойластыра келе, айына бір рет сабақты зерттеу күні тағайындалды. Осы уақытта барлық мектепте жаппай бір мезгілде зерттеу сабақтары өтті. Келесі күні фасилитатордың (әр сабақта фасилитатор ауысып тұрады) жетекшілігімен сабақты талданып, сындарлы керібайланыс беріліп, алдағы сабақты жоспарлау жүзеге асты.

Жоспарланған 90 сабақ толық өтті. Нәтижесінде зерттеу сыныптарындағы білім сапасы 1,8 – 4% аралығында көтерілді. Ақапан айында супервайзерлер есебі тыңдалып, тәжірибе алмасу болды. 2019-2020 оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша SHARE жобасындағы пилоттық мектептер қатарына бірнеше мектеп іріктелді. Оның арасында Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі де бар. Алты ай ішінде үш workshop өтті. Іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру және оны жүзеге асыру, жүйеге айналдыру, бағамдап отыру үшін бірлесе жұмыс жасау, коллаборативтік орта құру маңызды. Ендігі мәселе LS-ді AR арқылы жүзеге асыру болды. Ол үшін LS сыныптарының ішінен 5а және 5г сыныптарын АR бойынша фокус топтары ретінде таңдап алдынды.

Бұл екі сыныпқа сабақ беретін барлық пән мұғалімдері, SHARE жобасының 5 жетекшісі мен 13 еріктілері аптасына 1 рет бас қосып, сыныптағы жалпы ахуал мен байқаған өзгерістерді ортаға салып, келесі қадамды жоспарлап отырды. Бұл жұмыс әлі де жалғаспақ. Кeмбридж университетімен бірлесе жүзеге асып жатқан  SHARE жобасы әр педагогтың біліктілігін көтеріп қана қоймай, жұмысына деген көзқарасын өзгертті. Сабақты зерттеуден іс-әрекетті зерттеуге өткеннен бері педагогтер қауымдастығы ашықтық принципінде жұмыс жасауға көшті. Идеялар базасы кеңеюде. Мұғалімдер бірін-біріне сындарлы керібайланыс беруге және оны дұрыс қабылдауға машықтанған.

LS мен SHARE жобасындағы әр мұғалім өзгерісті өзінен бастап, сол энергетикасын жан-жағына шашуда. Соның арқасында білім алушыларда да көптеген өзгерістер байқалды. Пән мұғалімі мен оқушы арасында ынтымақтастық орта орнады, нәтижесінде сабаққа белсенділік артты, оқушылар тақырыпқа қатысты ойларын білдіріп, өз пікірлерін фактілер келтіре отыра дәлелдейтін деңгейге жетті. Ең кереметі, қазіргі таңда педагогикалық ұжымның басым көпшілігінде оқушы «үнін» естіп қана қоймай, зерттеп, сезіп, тыңдау дағдысы қалыптасқан. Оқушының дамуына қолайлы орта жасау – бұл қазіргі таңдағы басты міндетіміз болып отыр.

Шайзат Мактаевна ТАШЕНОВА,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі
директорының білім беру қызметінің сапасын
арттыру жөніндегі орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы

Болатбек Болатбекович ДЖАНҰЗАКОВ,
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі
математика пәнінің мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий