Жас қалам: Тайбұрылдың ізімен (екі бөлімді әңгіме)

І – бөлім. Кішкененекөлдің қыр даласында айбарлы аязы бар ақпан да өтті. Таңертеңгі көк мұз бетінде шылқыған суға айналып, кешкісін қайта қатып, әбігерге түсетін кез де келіп жетті. Күн жылынып кетпегенімен ызғардың зәрі сынып, жылымық кезге айналған шақ. Қылышын сүйреткен қыстың да мұртын балта шапқан кез. Көлді жағалап Қасымбай мен Сәлімбай, қос ағайындыдай дос болып кеткен, орта жасқа келген екі ер адам,   өз табынын жайлап келе жатыр. Жылқылары сансыз, сол үшінде жылқылары толық екенің тексеру үшін көлге суаруға әрдайым жол тартады деген сөз жергілікті халықтың аузынан шығып, аңыз боп кеткен әңгіме бар. Көл жағалауына жылқыларды апарған кезде, бүкіл табын көлдің әр бұрышына сыюға тиісті болған, егер бос орын қалмаса, бұл бірде бір жылқының жоғалмағаны деп есептелген.

Қасымның үш ұлы ер жетіп қалған еді. Үлкенін Қазыбек, екіншісін Жанқозы десе кішісінің есімін Дарын деп сол баяғы досы Сәлімбай қойған екен. Үш мұрагері бой жеткеніне көзі жеткен Қасымбай, әрқайсысына алты айдан асқан жылқы байлайын деген ойға келеді. Осы  жолы балаларын ертіп жайылымға келген себебі, жабағы  таңдау еді. «Әрине,  барым  балаларыма мұра, бірақ үйір-үйір жылқыны  ие болу оңай шаруа емес, еңбектің жемісін көру үшін мандай терін төгіп, қыстың суығына, жаздың ыстығына шыдап, енбектену керек екендігін жанашыр әке білетін еді. Ата- бабадан қалған кәсіптің қыр-сырын білетін үлкендерден тәжірибе алып, әр көшпендінің көкірегіндегі, ұлы даланың көрікті суреті, жайылымдағы үйірлеген жылқы, жайқалған жусанның иісіне  сүйсіну сезімдерін жас ұрпаққа қалай жеткізсем» деген терең ойлар Қасымбайдың тұла бойын жайлады. 

Таң атып, таңертеңгі намазын оқып болғаннан кейін Қасым балаларымен жылқы баптауға шыққан еді. Күннің сәулелері табын жаққа шам етіп, жарқырап тұрғанда әр жылқы алтын сұнқардай көрінетін.Табынға жетіп, балаларымен жабағы таңдауға кірісті. Алғашқы кезек  ақылды да жуас баласы Қазыбекке келді. Қазыбектің айырықша қасиеті бүкіл елге белгілі болатын. Ол ұшқан шыбынның да, тербеліп жатқан шөптің де сәл қозғалып  елес еткенін сезетін. Қазыбек табының  шет жағында тұрған жирен жабағыға көзін салып, жануардың жуас мінезділігін, көк тәңірі аян бергендей, жылқыны сиппатап айтып берді. Тұңғышының тандауын жылқышы мақтан тұтты, себебі, жирен көқ биенің төліне, анасынан байсал мінезі дарығандығын әкесі де білетін.         

Келесі кезек Жанқозыға келді, жасына қарамай салмақты мінезі мен жұрттың көзіне түскен бала, жылқыны жақсы танитын, жабағының топайы, бойы мен тұяғының өлшемдеріне  аса көңіл бөліп, анықтап берді. Ол таңдаған жануарды шаруашылық пен жүк тасу мақсатында пайдаланатын ойы бар. Таңдап алған жабағысына әкесі таң қалды. «Осы сансыз жылқының  ішінен, табын ішінен ең көрікті және мықты жылқыны таңдауы өте ғажап!», деді әкесі. Ал ендігі кезек ең кіші баласы Дарынға тиді. Дарын әкесінің тор биесінің тұқымын таңдады, себебі осы тор бие кезінде ең жүйрік бие болған деседі. Дене бітімі сұңғак, бас сүйегі шағын, мойыны ұзынша келген, кен жауырынды торы кезінде талай жарыстарға қатысып, олжалы болған жануар. Ең жүлделі қашықтығы жиырма бес километрге шапқан.

Жабағы анасына тартқан деген оймен таңдау жасады. Дарын жасынан жылқы шауып бәйгеден жүлделі орын алсам деп армандаған екен. Осыны сезген Қасымбай кіші баласына үлкен үміт артады. Осы әңгімеден халқымыздың ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін көре аламыз. «Әке көрген оқ жонар…» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелегендігінің куәсі бола аламыз.

2 – бөлім. Арада  жылдар өтті. Күн жылынып, қылтиып көкте көрінді. Дарын 10 -11 жастағы, орта бойлы, шып-шымыр  ойын  баласы. Көктемде тай жарыс болған күні, алаңда отырған жұрттың алдынан қаз мойынды тұлпар жарыс межесін бірінші аттап ойраңдап шыға келгенде, қалың елдің көзіне түскен.  Тай жарыс тек екі немесе бес километр қашықтықта өткізіледі.   Баяғы тор биенің ағылшын тұқымды тайының аты Бақторы.  Жыл бойы Дарынның қолында өсіп, қыста сапалы жем мен тек таза су ішіп жүрген. Лас суды Бақторы сезіп қойғанда кейін шегініп, екі мұртынан бу шығарып ішпей қоятын, себебі жылқы соншалықты таза жануар болып табылады.  

Бірнеше айдан кейін Бақторы құнан болды, сол кезде Өскемен қаласында өтетін бәйгеге қатысуға Дарын бел буған. Қасымбай баласы алғаш рет ұзақ сапарға аттанар алдында, үлкендердің батасын алсын деп, кең жайылған дастарханға ағайындардың басын қосты. Жиналған жұрт көрген білгендерін әңгімелеп, қайынның түтіне салынған қазының дәмі татыған қымызды ішіп, түн ортасына  дейін тарамай қойған. Дарын дастарқан үстінде көп отырмай, үлкендердің батасын тыңдап, кеш ауа кең аулада құрылған, төрт қанатты киіз үйдің ішінен лып етіп сыртқа қарай шығып кетті. Аспандағы жарық айдың сәулесі Дарынның ойын реттеп батысқа беттеп,  жол сілтеген тәрізді.

Айналасына қарап, алыстан таныс бір шөптің иісін сезінген таза ауаны терең жұтып, Бақторының кешкі жемін салуға мал қораға қарай бет алды. Күн шығысымен әкесінің батасын алып  жолға шығып  кетті. Өскемен қаласы Дарын үшін өте алып қала болып көрінген, бірақ оның бәрін қарауға уақыты тым аз еді. Бастау сызығында  елдің жан – жағынан жиылған тұлпарлары  тізіліп тұр. Төреші ысқырығын берді. «Шап, чү» деген айғайлар шықты. Бақторы бір ысқырынып алып, қолдағы тізгінді жұла шаба жөнелді.  Қалың халық жиналғанда бәрі болжам айтқыш, сыншы көбейіп кететіні бар ғой. Жұрт аузындағы әңгіменің негізгі кейіпкері менің астымдағы торы құнан.  Жылқылардың барлығы жүйрік. Оныншы айналым өткеннен соң, жартысынан көп жылқы шаршай бастады. Отыз шақырымды да өтуге майда қашықтық қалды. Соңғы айналым. Бақторы ең алдында келе жатыр, арт жағында тағы да үш жылқы шауып  келеді.

«Ал міне, аяқтау сызығы,  дәл алдымызда Бақторы» дегеннен соң Бақторы тұяқтан жарақаттанғанына байланысты екінші болып келді. «Жақсы айғыр бастауық болады, текті айғыр жеңімпаз болады дегендей», Бақторының мертіккен тұяғы сау қалпына келіп, қожайынының баптауынан қалмады, бір жыл арасында Бақторы үш жастан асқан дөнен айғыр болды. Дарын да бой көтеріп мүшел жасқа қадам басты, көрші ауылға қонаққа баратын кез де жақындады. Баласының мүшел жасын тойлауға әкесі Қасымбай ауылдағы ең үлкен киіз үй тұрғызып,  бәйге ұйымдастыру еді. Барша халыққа Дарынның атқұмарлығы мәлім болатын. Бәйге Бақторы үшін де күш көрсетіп, одан әрі  жаттығуларды жалғастыруға   себеп болды.

Келесі күннің таңында Қасымбай ауылдастарына: «Балаларыңды атқа отырғызып бәйгеге қатыстырыңдар,-деді. Бұл сендер үшін тамаша сәт, себебі ең мықты және жүйрік жылқышыларға сыйға үш ат таратамын», деген екен. Келесі күні  Дарын Бақторымен  бәйге мәресіне бірінші болып жетті. Дөнен құлағын тіктеп алып, жан – жағына үрке қарап, әлі де бірер шақырым шаппадық па? – деп айтып тұрғандай тәрізді.  Екінші келген Сәлімнің он жасар кіші ұлы болатын. Үшіншісі Қайсар деген алыс ағайындардың бірінің баласы. Қасым жеткіншектің жігеріне таңғалып, көңілі әбден толқып Қайсардың баласына, айтқан сөзінде тұрып, жылқының тізгінін қолына ұстата берді. 

Бақторы осындай бәйгелерде бір неше мәрте күшін сынап, әбден жаттықты.  Осы жылы Қарқаралы қаласындағы отыз шақырымдық бәйгеге қатысатын болды. Шебер жүйрік жылқы атағына әбден сай болды. Былтыр Өскеменде  аты шыққан Бақторы осы жылы барша халықты өзінің текті тұқымның тұяғы екендігін мойындатуға дайын еді. Арада үш күн, үш түн қалған кезде Бақторы мен Дарын Қарқаралы қаласына беттеген жолға шықты. Қаланың төменгі жағында, бәйгені өткізуге белгіленген жерге халық лық толып, абыр-сабыр болып жатыр. Бәйге басталуына аз уақыт қалды. Төрешенің зуылдап шыққан дауысына халықтың у-шуы қосыла кетті.

Алғы бетте  құйып келе жатқан  төрт жылқының ішінде Бақторының да қарасы көрінеді. «Жүйрік ат бірде ат, бірде қанат» дегендей тұлпар алдында шандатқан Адай жылқысына еріп байсал мінез көрсетіп  келе жатты. Бәйгенің аяқталуына екі айналым қалды. Бақторыдан басқа, тағы үш жылқы дау көтермей құйын болып басып келеді. Ер тоқымды қаттырақ қысып «Сал» деген сыбырымды сезген тұлпар бірден суырылып алға шықты. Мәреге қамшы  салдырмай, дара жетті. Сол кезде Дарынның күздің суық желінен жасаураған көзінен қуаныштың жасы да қоса шығып кеткен еді.  Жүлделі орынға темір тұлпар берілді.

Кенжесі үйге оралған кезде Қасым үлкен той жасап, сол күннен бастап, Бақторының аты аңызға айналған еді. Дарын Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Жылқы адамзат өркениетіндегі ең елеулі Һәм атағы бүкіл әлемге таныс жануар. Бұл төрт түліктің бірі ең қастерлі де қадірлі жануар. Жылқы спортын, жылқы шаруашылығын жалғастыратын жастар елімізде аз емес. Осындай ұлт құндылығын қадірлеген халықтың  ертеңі бар!

Жұмағұл МАРАТ,
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
9 «В» сынып оқушысы, Көкшетау қаласы

Дариға БАЙГУЛИНА,
жетекшісі, педагог ұ
йымдастырушы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий