Қашықтан оқыту – заманауи педагогикалық технология

Кез келген кедергі, қолайсыздық адамды жаңа білім алуға және қажетті дағдыларды қалыптастыруға үйрететіні бәріне мәлім. Соның бірі –  қашықтан оқыту технологиясы. Қашықтан оқыту бұл – ақпараттық технологиялардың кең мүмкіндіктерін көрсетіп,  білім беру процесстерінің барлық қасиеттерін дамытуға арналған технология.

Қазіргі заманда білім беру жүйесінің іргелі ғылыми базасы жеткілікті, әрі мол. Десе де, жер бетін жайлап алған ақпараттық және ғаламдану дәуірі кәзіргі білім жүйесін жаңарту, оны жетілдіріп, көптеген жаңа әдістерді қолдануды талап етеді. Барлық мұғалімдер үшін бірінші және маңызды сұрақ – ол оқу материалын қолжетімді етіп, сонымен бірге балаларға түсінуге ыңғайлы  етіп жеткізу. Сонымен бірге, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты орындап әр пән бойынша оқу мақсатына жету.  Әр мұғалім сапалы сабақ құрып, оны мақсатына жету қиын екенін біледі.

Және бұл мәселені шешуде қашықтан ұйымдастыруда мемлекет тарапынан өте жақсы әдістемелік көмектер ұсынылды. Мұғалімдер сабақтар түсіріп  YOUTUBЕ  желісіне жүктеді. «Balapan» мен «Еларна» телеарнасында да білікті ұстаздарымыз  қызықты, сапалы сабақтар өткізуде ат салысып жатыр. Сонымен қашықтан оқыту адамның білім алуға және ақпарат алуға, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді.

Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырады, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме ұйымдастыра білу керек.  Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу қажет. Қашықтан оқыту технологиясы осыған бағытталған. 

Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді.  Бұл жүйеде мұғалім оқушылардың жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Қашықтан оқыту технологиясын қолдануда мұғалімнің рөлі арта түседі және өзгереді. Қорыта келгенде «Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер» деген сөз бекер айтылмаса керек. Осы қиын кезеңінде «Біз біргеміз!» деп бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз. Білімді ұрпақтың тәлімгері біздерге, яғни ұстаздарға қашықтан оқыту атты үлкен жауапты іс жүктелді.    

Қашықтан оқыту форматы «заманауи педагогтың» рөлін анық көрсетеді. On-line  оқыту жүйесі әлі алғашқы сатысында, бірақ мен оның тез жетіліп, дамып жатқанына сенімдімін. Қазіргі жиналған интеллектуалды білім болашақ білім беру жүйесінің негізгі элементтерінің біріне айналатынына сенімдімін. Ақпарат тасқыны көбейген қазіргі заманда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың! Ұстаздарға тек қолдау қажет! Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілеймін!

Раушан Абайқызы ҚЫСТАУБАЕВА,
№8 орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің бастауыш
сынып мұғалімі, Алматы облысы, Текелі қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий