НЗМ – Шымкент: Күләш Ноғатайқызы тікелей эфирде зияткер көшбасшылармен жүздесті

Дәстүрлі көшбасшылар форумының диалогтік алаңында өзін-өзі басқару ұйымдарының оқушылары “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесті. Олар Күләш Ноғатайқызымен тікелей эфирде және теңдей әңгіме өрбітті, – деп хабарлайды Шымкент қаласындағы физика – математика бағытындағы НЗМ баспасөз қызметі. 

Зияткерлік мектептердің президенттері мен вице-президенттері филолсофиялықсаяси және жеке деп арнайы топтарға жіктеуге болатын әртүрлі сауалдар жолдадыЖиырма бірінші ғасырдың көшбасшысы қандай болуы керекКөшбасшы мен басшының айырмашылығы недеПандемияға байланысты уақыттың жаңа талқысы? Алдағы бес-он жыл көлемінде отандық зияткерлік мектептердің бағдарламасы өзгеруі мүмкін бе? Өзінің сұрағын Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Теміршін Кантемиров те қойды: ─ Балалық шағыңыздағы қандай ұстанымдар сіздің жетістікке жетуіңізге әсер етті?

Оған Күләш Ноғатайқызы анасының берген тәрбиесі өмірлік қағидалардың қалыптасуына әсер еткенін және анасының үлгі алатын адамдардың бірі болғанын айтты: – Анам үш нәрсені үйретті: бірінші, біреудің жерде жатқан ала жібін алма. Екінші, бір жерге кірер болсаң, даусыңды шығарып кір. Бұл артық нәрсені білуден, естуден сақтайды. Үшіншіден, қонақ келгенде жарты шәйнек болса да, шайың дайын тұрсың. Менің өмірім осындай қарапайым қағидалардан басталған. Бұлар өзгені сыйлауға, менің құқықтарым өзге адамның құқығы басталғанда бітетіндігін, менің хақымнан бөлек, міндеттерімнің де бар екендігін үйретті.

Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің директоры Рустам Абилов тікелей эфир барысында келіп түскен сұрақтар легін жеткізіп отырды. Күләш Ноғатайқызы өміріндегі ең табысты жоба туралы қысқа сұраққа үш- ақ ауыз сөзбен жауап қатты. Ол – Назарбаев Зияткерлік мектептері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий