Атыраулық ардагерлер ұлықталды

Жас ұрпақ тәрбиесіне барлық саналы ғұмырын арнаған ардагер ұстаздар зейнеткерлікке шыққан соң көңілден таса қалатыны жасырын емес. Сондықтан барынша оларды қадірлеп, еңбек жолдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жан-жақты көрсету ісі де үлкен құрмет. 

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ аймақтың халық ағарту ісіне өлшеусіз үлес қосқан құрметті еңбек демалысындағы аға буын өкілдерді ұлықтады. Жетпіс жылдық мерей тойын атап өткен ардагер ұстаз Қ.Құмарованың шаңырағында болған облыстық салалық ұйымның жетекшісі Қ.Сүндетұлы ұзақ жылғы еңбегін жоғары бағалаған облыстық ардагерлер ұйымы атынан «Хиуаз Доспанова» атындағы медалді табыс етті. Сол күні кәсіподақ белсенділері облыста «Атыраудың Жуковы» атағын иеленген ардагер ұстаз А.Сапаровтың (марқұм) шаңырағында болып, жолдасы Алма Есқазықызына да құрмет көрсетті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий