Түркістан облысы: Меценат мектепке қолдау көрсетті

Бәйдібектік кәсіпкер өзі оқыған мектепке жалпы сомасы 13 миллион 400 мың теңге тұратын соңғы үлгідегі заманауи  50 моноблок, 2 bilimbook  интерактивті панель , 5 “hp” принтер , 4 wi-fi роутер алып беріп демеушілік жасады, – деп хабарлайды Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Дүниежүзін шарпыған COVID-19 пандемияға байланысты енгізілген карантиндік шараларға орай отандық мектептердегі оқу шектеліп, қашықтан оқыту жүйесі енгізілгені баршамызға аян. Осындай қиын-қыстау кезінде барлығында дерлік компьютер құрылғылары болмағандықтан білімгерлерді оқытуда түрлі қиындықтар кезіккен еді. Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылдық округіне қарасты Кеңес ауылындағы Ө.Жолдасбеков атындағы мектеп директоры Нұржан Ешмұратов пен ауыл жанашырлары жеткіншектердің болашағы мен жай-күйіне алаңдағандықтан ақылдаса келіп, тығырықтан шығатын жол ретінде ауыл азаматтары арасынан шыққан кәсіпкер демеушілерді іздестіре бастады.

Елді мекендегі 140 отбасының жағдайын айтқызбай түсінген осы ауылдың төл перзенті, жеке кәсіпкер Мэлс Ешмұратов өзі оқыған мектепке жеке қаржысы есебінен жалпы сомасы 13 миллион 400 мың теңге тұратын соңғы үлгідегі құрылғыны сыйға тартты. 1-11 сынып бойынша барлық пән бағдарламасы енгізілген бұл заманауи құрылғы оқушыларға 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) білім алуға ықпал етеді. Және де елу моноблок, 2 BilimBook  интерактивті панель, бес “Hp” принтер , 4 wi-fi роутер алып беріп демеушілік жасап отыр. Бұл техникалар мектептегі төрт бірдей кабинетке орнықтырылды. Білім ордасының 150 орынға арналған типтік үлгідегі ғимараты үш жыл бұрын пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мұнда 1-11 сынып аралығындағы 188 оқушы білім алуда. 

Мамандар, дәл мұндай жабдықтар республикадағы ешбір мектепке әлі орнатылмағанын айтып, таңдай қағуда. Мэлс Сейтмұратұлы тек мұнымен шектеліп қалмады. Осыған дейін де ауылдағы екі көне мазаратты аяқ асты етпей, жан-жағын қоршап берген болатын. Ол қазіргі таңда Қарағанды қаласында жеке бизнесін дөңгелетіп жүрген ірі кәсіпкер. Сонымен қоса, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, олардың денсаулығы мен біліміне шынайы жанашырлық танытып құны 15 миллион тұратын спорт кешенін салып берген үшін де жергілікті жұртшылық, ауылдың батагөй қариялары мен абыз аналары алғыс-баталарын аямай жаудыруда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий