Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Білім беру үдерісінде педагогтердің біліктіліктерін арттыра отырып, түрлі іс-шараларға қатыстыру арқылы қабілеттерін шыңдау оқытушылар үшін өзекті мәселенің бірі болуда. Облыс көлеміндегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы және «Жүзден жүйрік» байқауының 20 жылдығына орайластырылған фестивалі өткізілді.

Фестиваль педагогтердің кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында пәнді оқытудың ерекшелігін, білім беруді дамытып, озық педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге және педагогтердің кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің өсуіне ықпал етті. «Жүзден жүйрік» байқауының ерекшелігі – қашықтық режимінде өткізілді. Жалпы фестивальдің жетекші идеясы – мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелері, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау.

Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін кәсіби шеберліктерін шыңдау және ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру. Фестиваль арқылы педагогтың мәртебесін нығайтуға және беделін көтеруге қолдау көрсету және педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту көзделді. Жалпы облыстық «Жүзден жүйрік» фестиваліне 122 педагог өз өтініштерін білдірді. Қатысушылар екі кезеңнен өту арқылы өз кәсіби шеберліктерін шыңдауға қызығушылықтарын таныта отырып, белсенділіктерін көрсете алды. Бірінші кезеңде пәндік құзыреттіліктерін танытуға бағытталған тест тапсыру арқылы екінші кезеңге 39 үміткер жолдамаға ие болды.

Фестивальдің екінші кезең бойынша тапсырмасы оқыту үдерісінде Абай шығармашылығын оқытуға бағытталған бейнесабақ көрсету жұмысы белгіленді. Аталған жұмыс бойынша критерийлерде қатысушылардың педагогикалық идеясы, практикалық бағыттылығы, әдістемелік құндылығы, оқыту материалының сапасы мен дауыспен сүйемелдеу сапасы бойынша бағаланды. Нәтижесінде жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және «Зерделі ұстаз», «Жаңашыл – ойға шебер ұстаз» және «Өнерлі ұстаз» аталымдары бойынша грамоталармен марапатталды.

Байқауда Петропавл қаласы, Аққайың, Ғ.Мүсірепов, Жамбыл, Шал ақын аудандарының педагогтері белсенділік танытып, үздіктер қатыранан көріне білді. Петропавл қаласынан Д.Адильшина мен Д.Сагдеева өз шеберліктері мен АКТ құзыреттіліктерін танытып, әріптестерге бейне сабақтарын іс-шара аясында таныстырды. «Өрлеу» ұжымы облысымыздың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби тұрғыдан өсуіне және құзыреттіліктерін арттыруға деген құлшыныстарын мақтанышпен айтады.

Гүлзат ӘЛЖАНОВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ “СҚО ПҚ
БАИ” аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий