Тәуелсіздік – тәу етер киеміз

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – азаттықтың ақ таңы. Дербес саяси және экономкалық дамуымыздың нәтжесінде дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың қомақты да ауқымды істер тындыра алатын өресі мықты халық екенін  әлем білді.

Қазіргі тәуелсіз мемлекетіміз ата-бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Бостандыққа ұмтылып, ұлан ғайыр жері мен қалың елін жаудың басқыншылығынан қорғаған байырғы батыр бабаларымыздың үміті мен сенімі нақты жүзеге асты десек, қателеспейміз. Тәуелсіздік тарихы – ұлы тақырып екендігін жас буын өкілдері, қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы, ауызбіршілігі берік, мықты халық қана қол жеткізетіндігін өткеніміз нақты дәлелдеуде.

Еңселі жұрттың құқықтық қоғамға негізделген мықты заңдары мен қатаң қағидалары болуы қажет. Конституция талаптарына сай көптеген заңнамалар қабылданып, барша отандастарымыздың тіренішіне айналды. Жаһанданудың жаңғырып тұрған заманына тұспа-тұс келген тәу етер киелі тәуелсіздігіміз алға қарыштап қадам басуда. Жыл ұзаған сайын халықтың әлеуеті артып келеді. Сондықтан жас мемлекетіміздің алар асуы, шығар белесі, алдағы жетістіктері өте мол екендігі даусыз.

№ 151 жалпы білім беру мектебі,
Алматы қаласы, Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий