Мемлекеттік қолдау: Педагогтердің қосымша ақылары көбейеді
2021 жылғы қаңтар айының 1-інен бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының негізгі жұмыс орны бойынша АЕК көлеміне қатысты белгіленген қосымша ақылары біршама өсетін болады. Бұл туралы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды.
«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан айлық есептік көрсеткіш көлемі 2917 теңге болып белгіленді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының “Педагог мәртебесі туралы” және “Білім туралы” заңдарында көзделген нормаларға сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының негізгі жұмыс орны бойынша АЕК көлеміне қатысты белгіленген қосымша ақылары төмендегідей өседі.
Дәреже |
АЕК мөлшері |
2021 жыл |
2020 жыл |
|
Қаңтар 2 917 теңге |
Сәуір 2 778 теңге |
Қаңтар 2 651 теңге |
||
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр |
10 |
29 170 |
27 780 |
26 510 |
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор |
17 |
49 589 |
47 226 |
45 067 |
Ғылым кандидаты |
||||
Ғылым докторы |
34 |
99 178 |
94 452 |
90 134 |
Загрузка...