NIS көшбасшылары проактивті VS реактивті ойлауды таңдайды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзін-өзі басқару ұйымдарының «NIS оқушыларының проактивті ойлауы VS реактивті ойлауы» тақырыбындағы сегізінші көшбасшылар форумы өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева форум қатысушыларының мақсатқа ұмтылушылықтары мен проактивтіліктері, жігерлендіруші және шабыттандырушы қабілеттері арқасында НЗМ-де көшбасшылықты дамытуға үлес қосып жатқандықтарын атап өтті: 

– Сіздердің мектеп жылдарында қол жеткізген көшбасшылықтың тірек негіздері үлкен өмірде, білімдеріңізді жалғастырғанда, отбасын құрғанда, өздерің және қоғам үшін игілікті мансап жолында жүзеге асуын тілеймін. Үш тілдегі «Brain boi» зияткелік ойынында NIS жүйесінде іске асырылып жатқан  «Ұрпақтар сабақтастығы», «Екі апта ауылда», «Қазақтың 100 әні», «НЗМ оқушылары оқуға тиіс 100 кітап» әлеуметтік және тәрбиелік жобаларына қатысты сұрақтар қатары көп болды.

Көшбасшылар форумының диалогтік алаңында өзін-өзі басқару ұйымдарының оқушылары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесті. Олар Күләш Ноғатайқызымен тікелей эфирде және теңдей әңгіме өрбітті. Зияткерлік мектептердің президенттері мен вице-президенттері филолсофиялық, саяси және жеке деп арнайы топтарға жіктеуге болатын әртүрлі сауалдар жолдады. Жиырма бірінші ғасырдың көшбасшысы қандай болуы керек? Көшбасшы мен басшының айырмашылығы неде? Пандемияға байланысты уақыттың жаңа талқысы?

Алдағы 5 – 10 жыл көлемінде NIS-тің оқу бағдарламасы өзгеруі мүмкін бе? Сұрақтардың көпшілігі Күләш Ноғатайқызының өмірлік қағидалары мен жетістікке жету стратегияларына арналды. Екінші күні форумның онлайн платформасында NIS көшбасшылары елімізге кәсіби мамандар ретінде танылған Рауан Кенжеханұлы мен Дәлел Жүзбаевпен кездесті. Екеуі де Президенттік «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Құрама Штаттарында білім алған, үш тілді жетік меңгерген. Бүгінде олардың есімдері қазақстандықтардың ойында жетістікпен ассоциацияланады.   

Рауан Кенжеханұлы – ғаламтордың қазақстандық сегментін өзгерткен адам. 2011 жылы дәстүрлі халықаралық Викимедиа конференциясында бүкіләлемдік онлайн энциклопедияның негізін қалаушы Джимми Уэйлстың дербес сыйлығымен марапатталып, «Wikipedian of the Year» атанды. Дәлел Жүзбаев ақмолалық аграрлық қызметкерлер әулеті мен отбасылық кәсіптің ізін жалғауда, туған Қорғалжын ауданынында ауылды жаңғыртып, астық өсіретін «Мирас» агрофирмасын басқарып келеді. Екі спикердің де табысқа жету оқиғалары – қиындықтарды жеңу, таңдау құқығы мен ата-ана алдындағы жауапкершілік, өмірлік бейімділікке айналған хобби мен мамандық, өмірлік ұстанымдары мен өзіңнің алдыңдағы парызың туралы.

Рауан Кенжеханұлы мен Дәлел Жүзбаев – екеуі де self-made-man және бұл Зияткерлік мектептердің көшбасшылары үшін ең үздік жігерлендіруші аргумент. Өзін-өзі асқару ұйымдары көшбасшыларының сегізінші форумы проактивті ойлаудың реактивті ойлауға қалай төтеп беретінін анықтауға арналған пікірсайыспен аяқталды. Қатысушылар проактивті адам өзіне жауапкершілікті ала білуімен, уақыттың барлық талқысына, оның ішінде пандемия секілді жаһандық талқыға жауап қатуымен және өз өмірін өзі құруымен ерекшеленеді деген қорытындыға келді.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий