“Балдәурен – Түркістан”: Жылдың ең үздік ауысымы
Достық. Ғажайып. Ертегі. Шытырман. Сиқыр. Бұл сөз тіркестерінің барлығы 2020 жылдың «Жаңа жылдық таңғажайыптар – Балдәуренде» жас өнер жұлдыздарының республикалық кездесуі 16-ауысымына тән. Нағыз сиқырдың салтанат құрар шағы – жаңа жылдық көңіл-күймен тұспа-тұс келген ауысымда тосын сыйлар мен таңғалдырарлық жәйттар көптеп орын алды.
Ауысымға нағыз талантты, дарынды, өнерлі достарымыз жиналып, ауысымның көркін келтірді. Жаңа жылдық тосын сыйларға толы ауысым ел еңсесі тіктеліп, егемендікке қол жеткізген күнмен тұспа-тұс келіп жатты. Және айтулы мерекені балдәурендіктер өз деңгейінде атап өтіп, тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткен күн мен оған жету жолындағы тар жол тайғақ кешуді мәңгі есінде сақтап, қадірлейтіндіктерін айғақтай түсті.
Ауысым нағыз таланттардың жұлдызын жағатын, шығармашылық қабілеттерін шыңдай отыра өзіндік өнерлерін ортаға саларлық іс-шаралармен көркемделе әрі қызықты бола түсті. Ауысымның алғашқы сәтінен бастап, өздерін ұйымшыл топ мүшесі ретінде көрсете білген әрбір бала жаңа отбасы мүшелерімен бір қатарда тұрып, олар нағыз сыналатын, сол ретте ең ерекше сәт болып табылатын топ визиткасын қорғау кешіне белсене қатысты. Және барлық топтарда осынау бір кеште жеңімпазы атанды.
Жеңістері – ұйымшылдықтары, бауырмалдықтары және достықтары болып табылған бұл кеш бұрынғыдан өзгеше еді. Шығармашылық ауысымы болған керемет жиырма күнге лайықталып қойылған іс-шаралардың ең негізгісі «Балдәурен жұлдыздары» мега жобасы. Қызу дайындық, қобалжу, алға қойған мақсат жолындағы табандылық, төгілген тердің ақтауы үшін барынша қоддау таныта білген тәлімгерлер жобаның тартысты өтуіне бірден-бір негіз болды.
Ауысым қатысушылары бойларындағы тұнған таланттарымен танытумен қатар, нағыз білімді, патриот, ел ертеңі болар елжанды өрендеріміздің қатарынан көріне алды. «Жаңа жылдық таңғажайыптар – Балдәуренде» жас өнер жұлдыздарының фестивалі ХVІ ауысымы – «Жылдың үздік ауысымы» атағына лайық ауысым болды деген сенімдемін!
Маржанай Сманкұлқызы ҚЫЗМЕТОВА,
“Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
филиалының әдістемелік бөлім әдіскері,
Түркістан облысы