Қазақ тілі мен әдебиеті: Сабақта мультимедиялық құралдарды қолданудың тиімділігі

Жаңа ғксыр толассыз ақпараттың үздіксіз ағынына жылдам ілесуі қажеттілігін туындатқандықтан барша адамзатқа компьютерлік сауаттылық болуын талап етуде. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны  пайдалану  әдісі зор рөл атқарады.

Бүгінде мұғалімдер үшін  балаға білімді игертсем, олардың сабаққа деген қызығуын қалай арттыра түсем деген мәселе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда сабақтың көптеген типі мен әр түрлі технологиялары біздерге белгілі. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағында муьтимедиялық құралдарды қолдану өте маңызды, өйткені ол оқушылардың білім деңгейін, пәнге қызығушылығын арттырады. Мультимедиялық құралдар мұғалімнің сабақтағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Мультимедиялық құралдар әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін.

Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы. Мультимедия құралдары – бұл әр түрлі орталарда қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі. Мультимедиялық құралдар арқылы оқыту оқушылардың қызығушылығын арттыруға және қабілеттері, бейімдері әртүрлі оқушыларға берілер ақпаратты қалауына сәйкес ұсына алуға мүмкіндік беретін бірден-бір ыңғайлы, қолайлы оқыту әдісі болып саналады. Мультимедиялық құралдарды пайдалану білім беру саласын, оқыту үрдісін айтарлықтай жақсарта алады.

Сабақта мультимедялық құралдарды қолданудың келесі түрлері бар: мультимедиялық құралдармен жұмыс істеу. Бұл тәсіл сабақты түрлендіруге мүмкіндік береді: иллюстрация, аудио, бейнематериал арқылы; компьтерлік презентация қолданумен өткізілетін сабақтар.(Бұған жаңа материалды түсіндіру, қорыту, жинақтау сабағы, дәріс-сабағы, ғылыми конференция сабағы кіреді); жоба қорғау сабақтары (оқушылардың шығармашылық потенциалын іске асыру тәсілі); компьютерлік қадағалаумен өткізілетін сабақтар сабақтың әр түрлі кезеңінде оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті  сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: тақырыпты оқып үйретеді; дұрыс сөйлеуге үйретеді; ережелерді сызбалар арқылы түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі; аудио таспадағы өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмектеседі; әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. 

Мультимедиалық құралдарын қазақ тілі сабағына енгізгенде мынадай нәтижелерді көруге болады: пәнге деген қызығушылық, сабақта оқушылардың өз бетімен жұмыстануының арттыру; оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауы.; оқу үрдісіне әр оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз ету; оқушылардың танымдық шығармашылық деңгейін арттыру. Компьютерлік және мультимедиялық технологияларды пайдалану сабақты қызықты және оқушылардың мотивациясын жоғарылатады, сондай-ақ әр түрлі мектеп пәндерін  біріктіруге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиет сабағында қазіргі заманғы иллюстрациялар көрсету, оларды пайдалану және жазбалар тыңдауға зор мүмкіндік береді.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты, білімі қажет. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын, танымдылығын дамытады. Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабағында ақпараттық коммуникативті технологиялар оқушының жаңа ақпаратты меңгеріп, өз бетімен ізденуіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруда, мектепте алған білімін күнделікті өмірде жасқанбай қолдануға септігін тигізеді. Оқу үрдісіне мультимедиялық технологияларды енгізу: мəтін, графика, анимация, дыбыстық жəне бейнеэлементтерді құруға мүмкіндік береді.

Мультимедиялық бағадарламалар адамның барлық іс-əрекетінің түрлерін (ойлау, сөйлеу жəне тағы да басқалар) белсендендіреді. Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі білім беру жүйесі заман талабына сай ізденімпаздықпен, шығармашылықпен жұмыстанатын кәсіби білікті маманды, шебер ұстазды қажет етеді. Сондықтан мен де үнемі өз кәсіби біліктілігімді жетілдіру мақсатында шығармашылық ізденіс бағытымен мен де жұмыстанып келемін.

Сондай-ақ қазақ тілін оқытуда окушыларға тиянақты, сапалы да, саналы білім беру — мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы жүзеге асады. Яғни, әдісті жақсы ұйымдастыру — мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мысалы, әңгіменің нәтижелі болуы — сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге байланысты. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі мол және білім беру аясын кеңейтеді. Компьютерді сабақтың түрлі кезеңінде қолдану сабақты тиімді етеді. Мысалы, компьютер арқылы жұптастыру, топтастыру, дұрыс-бұрыс, ой қозғау, стопкадр, сұрақ-жауап, сәйкестендіру, т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі.

Жанна Асқарқызы РАЗАҚОВА,
№15 орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиет пәні мұғалімі, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий