Қашықтан оқу: Мағыналы да қызықты ұйымдастырылуда

Елімізде қашан да білімділерге, білім алам деушілерге мүмкіндік мол. Жыл сайын қаншама мемлекеттік гранттар бөлініп, университеттеріміз білімді талапкерлерге есігін айқара ашады. Қазіргі таңда білімді арттыру үшін түрлі жұмыстар жүргізіліп, білім алушы талантты жастарға мүмкіндіктер молынан қарастырылған. Елімізде жыл сайын жоғары оқу орындарының рейтингі жасалып, үздіктері анықталады. Соның бірі – өзім оқитын білім ордасы.  

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 75 жылдан аса тарихы бар. Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының барлық салаларына, ғылымы мен мәдениетіне қатысты  техникалық, гуманитарлық, педагогикалық бағыттағы көптеген мамандарды дайындайды. Аталған білім ордасында әрдайым жаңа идеяларымен белсенді жұмыс жасайтын студент жастар қатары көп деуге болады. 

Студенттік кезең – адам өміріндегі ең бір қимас, қызығы мол сәттердің бірі. Қазір осы бір қызықты шақтарымызды  онлайн білім алу арқылы өткізіп жатырмыз. Әрине, мұның да уақытша екенін түсінеміз. Десек те, университетке барып, аудиторияда сабақ оқып, кітапханалардан кітап оқығанды қалаймыз. Онлайн білім алып жатсақ та, оқытушылар біздерге жақсы білім беріп, мамандығымызға деген қызығушылығымды арттыра түсуде. Әртүрлі сала мамандарымен қызықты кездесулер ұйымдастырып, онлайн түрде мамандықтың қыр-сырымен бөлісудеміз.

Тәжірибесі мол мамандар кездесу сәтінде бізге түрлі тақырыпта ой бөлісіп, жеткен жетістіктері жайлы айтып біздердің қойған сұрақтарымызға жауап береді, өз ақыл-кеңестерін айтады. Айталық, Дәнеева Шаhризада Жорабекқызы, Жазира Байдалы сияқты журналистика, сондай-ақ медиа саласында  өзге де мамандармен онлайн кездесіп, бағыт-бағдар алудамыз. Сценарист, актер сынды түрлі мамандық иелерімен және БАҚ өкілдерімен жиі сұқбаттасып, тәжірибе жинақтау үстіндеміз.

Айғаным ТҰРЫСБЕК,
Мұхтар Әуезов университетінің
1 курс студенті, Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий