Мамандық таңдау: Талаптыға нұр жауар!
Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл, сазгер, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев айтып кеткендей «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» – дегендей, әрбір адам өмір табалдырығын аттағаннан кейін өз орнын табуға тырысады, еңбекпен тапқан нанның дәмін татады және таңдаған мамандығының-кәсібінің нәтижесін көреді.

Қазіргі уақытта мектеп бітіруші түлектерге болашақ кәсіби қызмет саласын анықтау және мамандық таңдауда дұрыс кәсіби бағдар беру, маңызды бағыттардың бірі. Жас түлектерді еңбекке деген қатынасын қалыптастыру арқылы болашақ мамандығын дұрыс таңдау, оның мүмкіндіктері мен қабілеттеріне талдау жасауды үйрену қажеттілігі әрқашанда маңызды әрі өзекті мәселе. Созақ ауданы өңірінде орналасқан «ҚазAтомөндірісі» саласында сұранысқа ие кәсіби кадрларды даярлауға бағытталған кәсіптік бағдар беру іс-шаралары және мұғалімдерді, жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары мен басқа да мүдделі тараптардың ата-аналарын қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылуда.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Химия және химялық технология негіздері» кафедрасында осы мақсатта Түркістан облысы және Шымкент қаласының мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын атқаруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізілуде. Жуырда әлем жайлаған індеттен қорғану талаптарын сақтай отырып, Түркістан облысы Созақ ауданының мектеп бітіруші түлектерімен «on-line» режимде кездесу ұйымдастырылды.

Кәсіби бағдар беру іс-шарасына Созақ ауданының Н.Төреқұлов атындағы IT-лицей-мектебі, №14 Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицей, Қ.Сәтбаев есімін иеленген мектеп-гимназия, Иманов, А.Сүлейменов, М.Әуезов, Жамбыл, Ш.Уалиханов, А.С.Макаренко атындағы және басқа да жалпы орта мектептерінің, барлығы жүзден астам (ZOOM бағдарламасының коференцияға қатысушылар санының шектеулі мүмкіндігіне қарай) 11 сынып оқушылары, ата-аналар және сынып жетекшілірі қатысты.
Сонымен қатар, бұл іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқан Ұлттық тестілеу орталығының Түркісттан облысы, Шолақ Қорған ауылындағы филиалының басшысы Абдиева Аққайын Жарылқасынқызына, және осы аудан мектептерінің басшылығына, 11 сынып жетекшілеріне алғысымыз зор. Вебинарды конференция спикері «Химия және химялық технология негіздері» кафедарысының меңгерушісі химия ғылымының докторы, профессор Назарбекова Сауле Полатовна ашып, кездесуге келген оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға ризашылығын білдіріп, қатысушыларды білім бағдарламаларымен таныстырып өтті.

Кафедра ұжымы туралы, жетістіктері, материалды-техникалық базасы мен қажетті құрал-жабдықтармен жабықтану дәрежесін, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары жайында және кафедрада әзірленетін мамандықтар жайында толыққанды ақпараттар беріліп, тұсау кесер рәсімі көрсетіліп, баяндалды. Мамандық таңдауға септігін тигізу мақсатында өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға химия (ғылыми)» мамандығының 4-курсы студенті Мажит Фариза мен фармацевтика өндірісінің технологиясы мамандығынының бірінші курс студенті Қалдыбек Ақнұр, бұл мамандықты таңдау себептері, ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін атап айтты.
Вебинар уақыты шектеулі болғандықтан (ZOOM-платформасының шекті уақыты 40 минут), қатысушылардың сұранымы бойынша бұл кездесу қосымша жалғастырылып, 1,5 сағат уақыт аралығына созылды. Ақпарттар мен мәліметтер берілген соң, мектеп оқушылары мен ата-аналар өздерін толғандырып, қызықтыратын сауалдарын қойды. Бұл сауалдарға конференция спикері С.Назарбекова жан-жақты, әрі толық жауап беру арқылы,ал оқушылар жауаптарға толық қанғаттанғандарын білдіріп, алғыстарын айтты. А Абдиева кездесуге қатысты оң пікірін білдіріп, осындай форматтағы іс-шаралардың тиімділігінің жоғарғы деңгейде болатындығын ескеріп, қарқынды жалғастыру қажеттілігін жеткізді.

Мектеп бітіруші түлектерімен «on-line» режимде кездесу барысында «Химия және химялық технология негіздері» кафедрасының профессор оқытушы қауымы ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарының бейіндік пәні – химия бойынша ақысыз негізде жан-жақты кеңес беруге дайын екендіктерін мәлімдеді. Бұл ақпарат мектеп бітіруші түлектерді қатты қызықтырып, олардың мамандық таңдаудағы белсенділіктерін арттырғандығының шынайы белгісі болды. Мектеп бітіруші түлектерімен «on-line» режимде өткізіген, кәсіби бағдар берудегі бұл кездесудің нәтижелі әрі тиімді болары сөзсіз.
Сауле НАЗАРБЕКОВА,
химия ғылымының докторы,
профессор,
Бекболат ТАСТАНБЕКОВ,
аға оқытушы