Тарих пәні: Өзіндік жұмыс істеу дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтын біртуар перзенті Шоқан Уәлиханов айтқандай тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, іздемпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық әрекет ұстанатын, осы бағытта болмысын таныта алатын тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше көңіл бөлуде.

Әлемдік білім кеңістігінен орын алу үшін міндетті түрде саналы жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Білімді, дарынды қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алатын жастарға сенім артады. Барлық сала бойынша, білім алушыларды жалпыға бірдей оқыту өз бағытымен жүйелеп қарастырылады. Оқушылар мұғалім берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірбие тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің ақыл-ой, оқу, танымдық белсенділігімен сабақтастыруы тиіс.
Оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқушылардың оқу белсенділігін арттыру, тиімді жолын қарастырып, ұйымдастыру, қалыптастыру, дағдыға айналдыру. Оны жүзеге асыру мұғалімнің тәжірибесі мен оқушының жауапкершілігі арқау болатын әдіс-тәсілдері мен нысандарын іздестіру болып табылады. Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап бақылау жасауы, сапалы меңгеруіне жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетіні белгілі. Оқушылар бойында кездесетін қабілеттіліктері білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнеленуі.
Мұндай бейнелеу әрекеті аса күрделі үрдіс. Тарих сабағында қосымша деректермен жұмыс жасау – бүгінгі таңда басты міндеттердің бірі. Өйткені халқымыздың тарихында бұрын бұрмаланып, айтылмай келген шындықтармен оқиғалар қазіргі таңда баспасөз беттерінде зерттеліп, жариялануда. Қазіргі кезеңде өздік жұмыс оқушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілетін арттыруға, жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың ой-өрісін, қиялын дамытады. Тарих сабағындағы оқушылардың өздік жұмысының басты міндеті – шәкірттерге ғылыми білім жүйесін меңгерту, оларды азаматтылық пен отаншылдыққа тәрбиелеу.
Өткеніміз бен бүгінгі болған оқиғаларға обьективті баға беруі, жаңа білімді өздігінше меңгеру қабілеттілігін арттыру. Осы мақсат –міндеттерді жүзеге асыруда сабағымда оқушыларды қабілет- ынтасына қарай деңгейге бөліп пәндік сауалнама, тест жұмысы, жеке жұмыс, қосымша деректер, естеліктер, баспасөз материалдарын талдау, сканворд, кроссворд шешіп, тапсырмалар орындатамын. Тарих сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірден – бір міндет. Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан жақты қолдану.
Сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Қазақстан тарих пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Тәуелсіз еліміздің ең басты мақсаты – өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған рухани бай тұлғаның орны айрықша. Қазіргі білім берудің мақсаты да – жан-жақты жетілген, рухани өр тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту-мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет екені сөзсіз.
Гүлшара Құралқызы МУСИНА,
М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп
гимназияның тарих пәні мұғалімі, Ақтөбе қаласы