ЕҰУ ғалымдары – Мемлекеттік награда иегерлері

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы берілді. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған саңлақтардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің үш бірдей профессор-ғалымы бар, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, биылғы жылғы мемлекеттік сыйлықты әдебиеттанушы Жолдасбеков Мырзатай «Ұды дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін; жазушы-ғалым Есім Ғаифолла «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін; әдебиеттанушы Абдрахманов Сауытбекке «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін берілді. Сондай-ақ профессор-ғалымдар Тұрсынхан Қайыркен мен Серікзат Дүйсенғазы «Құрмет» орденімен, Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғара, Жандарбек Мәлібеков, Тұрсын Жұртбай, Амантай Шәріп, Аманжол Әлтай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясы иегері атанды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий