БҒМ: Жемқорлықтан арылмаған жоғары оқу орындарының лицензиясын қайтарып алудың қатаң шаралары қаралуда

Бүгін еліміздің бас педагогы Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен салалық министрліктің кезекті аппаратттық жиналысы ұйымдастырылды. Бұл басқосу барысында күн тәртібіне енгізілген мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды дамытудың кешенді жоспары, жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру барысы талқыланды, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

??????????????????????????????????????????????????????????

– Шәкіртақы төлеу жүйесін өзгертуге қатысты нақты шаралар зерделенуде. Біз қазір біраз нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауымыз керек. Содан кейін, мүмкін, келесі жылдың басында шәкіртақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеміз. Сонда университеттер арқылы шәкіртақы төленбей. Нақты шәкіртақы әр студентке тікелей төленетін жүйеге көшуіміз қажет, – деді Асхат Қанатұлы. – – Бұлардан өзде де проблемалық мәселелер бар. Оның бәрін біз білеміз. Сондықтан ол мәселелерге қайтып келіп, тағы бір мәрте қарастырамыз. Бүгін айтылған ұсыныстар бойынша тиісті зерттеу-талдама жұмысын жүргізуіміз керек. Одан кейін нақты іс-шараларды бекітіп, қалай болғанда да бұл пробламаларды шешу қажет.

«ADAL BILIM» аудиті жүргізіле бастағанын еске салған  сала басшысы қорытынды нәтижесі келесі жылдың ақпан айының соңына дейін аяқталатындығын айрықша атап айтты. Әрі қарай тиісті жоспар бекітілетін болады. Басты мақсат  жоғары оқу орындарында жемқорлық фактілерін болдырмау қажет.

– Бұл мәселені түбегейлі жоюға болады. Бүгінгі күні біраз университет оны жойды. Осы мәселеден аулақ жүрген университеттер де жоқ емес. Яғни университет басшысы қаласа, мұндай проблеманы жоюға болады. Сондықтан бұл оқу орнында қабылданған саясатқа байланысты. Егер кей жоғары оқу орындары бұл мәселені жойып, кейбірі жоймаса, онда әрине тиісті сұрақ туындайды. Біреудің қолынан келген адалдықты басқалардың атқаруына не кедергі?, – деді Асхат Аймағамбетов.

– Анықталған фактілер бойынша тиісті лицензияны бағыт бойынша тоқтату ұсынысы жасалды. Кейін тағы қайталанған жағдайда бағыт бойынша лицензияны қайтару нормасын зерттеу керек. Егер заң жүзінде бұл орындалатын және зерттеу бойынша дұрыс шешім болса, онда мұндай норманы қабылдауға дайынбыз. Өйткені жоғары оқу орындарындағы жемқорлықты жою қажеттілігінің айтылғанына қанша уақыт болды?! Бірқ әлі де проблема бар. Оны түбегейлі шешуіміз керек. Тиісті бағыт бойынша заңсыздықтар анықталған себепті лицензиядан айыру керек болса, бұл шешімді де біз қабылдауға дайынбыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий