Ақмолалық қос педагог кәсіби біліктілігі үшін марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Педагог мәртебесі» таралы заңның аясында аймақтың екі педагогын өңір басшысы Ермек Маржықпаев алғаш рет жергілікті атқарушы органдардың тарапынан ұсынылған жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағымен марапаттады, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін» құрметті атағы және 800 АЕК сертификатымен Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 11 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абдрахманов Айманға табысталды. Айман Жүгерқызының отыз екі жылдық педагогикалық өтілі, «педагог-шебер» біліктілік санаты, авторлық бағдарламасы және жинақтаған мол тәжірбесі бар.

Жергілікті «Педагогтің адал еңбегі үшін» белгісі мен 500 АЕК сертификаты Астрахан ауданындағы Жалтыр №2 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Байганат Ризагулге берілді. Ұлықталған ұстаздың жиырма бір жылдық педагогикалық өтілі, «педагог-шебер» біліктілік санаты, авторлық бағдарламасы және облыстық деңгейдегі бай тәжірибесі бар. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз !!!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий