Тәуелсіздік тартуы: Атырауда 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс орталығының Самал ықшам ауданында мемлекетік бюджеттен бөлінген қомақты қаржының негізінде 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді,  – деп хабарлайды Атырау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Аймақ жетекшісі Махамбет Досмұхамбетов елдің игілігі үшін салынған заманауи №29 білім шаңырағының лентасын қиып, жергілікті жұртшылықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

– Еліміздің бас мерекесі қарсаңында қаламыз тағы бір білім беру ошағымен толықты. Бұдан былай 831 бала заманауи талапқа сай бой түзеген осы жаңа мектепте білім алады. Олар бұған дейін қаладағы басқа мектептерде оқып келген болатын. Тәуелсіздік жылдары білім беру саласына айрықша көңіл бөлінді. Өйткені, қуатты мемлекет құру үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу керек екені сөзсіз. Сондықтан педагогтардың мәртебесі көтіріліп, жалақысы жылда артуда. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы да тұрақты түрде жаңартылуда. Облысымызда білім беру саласын дамытуға баса мән беріледі,- деді өңір басшысы салтанатты рәсімдегі сөйлеген сөзінде.

1991 жылдан бері тек Атырау қаласының өзінде 23 мектеп салынған. Биыл күн санап өсіп келе жатқан қалада екі мектеп ел игілігіне берілген. Ал 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, үшеуінде аяқталды. «Береке» ықшам ауданында 1200 орындық, ал Дамбы ауылында 300 орындық жаңа мектеп салынып жатқанын да атап өтті. «Келер жылы Жаңаталап ауылында 300 орындық, «Балауса» ықшам ауданында 600 орындық, Ақжар-2 ауылындағы 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Қала мектептеріндегі орын тапшылығын шешу үшін бірқатар жұмыстар жасалуда. Сонымен қатар төрт мектептің жанынан қосымша 120 орындық жапсаржай салынды. Ғимараты апатты жағдайдағы №1 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп орнына алдағы уақытта 160 орындық жаңа ғимарат тың тұрғызылуы жоспарлануда.

– Мұның барлығы Тәуелсіздіктің тірегі — жас буынның сапалы білім алуы үшін жасалған жағдайлар. Өйткені, сапалы білім ғана саналы ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді. Осы мақсатта Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе отырып арнайы жол картасын дайындап жатқанымызды айта кеткім келеді, – деді Махамбет Жолдасқалиұлы. Үш қабатты мектеп ғимаратында 200 орындық акт залы мен 130 орынға арналған асхана, жаңа үлгідегі психология кабинеті мен медициналық пункттер бар. Су жаңа білім ошағы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий