Қостанай облысы: Рудный қаласында жекеменшік балабақша пайдалануға берілді

Тәуелсіздік мерекесіне орай Рудный қаласында 310 орынға арналған мемлекеттік және орыс тілінде білім беретін жаңа жекеменшік балабақша ашылды. Қалталы кәсіпкердің қаржысы есебінен салынған әлеуметтік нысандағы алғашқы жұмыс күніне барған аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мектепке дейінгі тәрбие беретін ұжымның тыныс-тіршілігімен танысты, – деп хабарлайды Қостанай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл орталық қаладағы кезекте тұрған бүлдіршіндердің сайын жиырма пайызға қысқартуға мүмкіндік берді, сонымен қатар жергілікті тәрбиешілер мен аспаздар, және техникалық қызметкерлерден құралған тұрғындарды тұрақты еңбекпен қамтитын жаңа 56 жұмыс орнын қамтамасыз етуде. – Жыл сайын облыста  әлеуметтік жауапты бизнес өкілдері көбейіп келе жатыр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігінің арқасында «Елена Д» ЖШС мен оның құрылтайшысы Иван Васильевич Марар бұрынғы нысанды қайта қалпына келтіріп, сапалы материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етті, – деді облыс әкімі.

Инвестор өз кезегінде жеке бизнесті қолдағаны және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бағдарламасына қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналар да жаңа балабақшаның ашылуына өте қуанды. – Балабақшаның үйдің жанында орналасқаны өте ыңғайлы. Біз бұл қуанышты сәтті асыға күттік. Себебі перзенттеріміздің тәрбиелі, бақытты, дені сау, дамығандығын көргіміз келеді. Болашақта балабақша оқытушыларымен бірге жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін, – деді бес жасар Таймураздың анасы Рысты Керембаева.

Мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жаңа балабақшада 265 бала жайғастырады. Ата-аналар тек балалардың тамақтануы үшін ғана төлейтін болады (12 260 теңгеден аспайды). Шағын шаһарда 20 мектепке дейінгі ұйым бар (оның 4 жекеменшік), сондай-ақ мектепке дейінгі оқытумен 3,7 мыңнан астам бала қамтылған 16 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. Балабақша барлық қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келеді, онда қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалған, мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын топтар жұмыс істейтін болады.

Облыста мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін дамытуға көп көңіл бөлінуде. Аймақ бойынша желтоқсан айында ғана үшінші балабақша ашылды. Биыл облыс орталығы мен Рудный қаласында, Қостанай және Б.Майлин аудандарында жеті жекеменшік балабақша, сондай-ақ толық күн болатын 6 шағын орталық пайдалануға берілгенін айрықша атап айтқан абзал. Соңғы екі жылда жалпы сомасы 637,4 миллион теңгеге төрт балабақшаға, бұл Рудный қаласындағы № 9 және №10 балабақшалар, облыс орталығындағы № 3 және № 27 балабақшаларға күрделі жөндеу жүргізілді.

Қостанай облысында 190 балабақша жұмыс істейді, онда 23 мыңға жуық бала және сегіз мыңнан астам баланы қамтитын 391 шағын орталық бар. Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы 1,5 мыңға жуық орын пайдалануға берілді. Алдағы жылдарға жаңа шағын аудандарда әрқайсысы 280 орындық бес балабақша салу және Қостанай қаласында бұрынғы балабақша ғимаратын, сондай-ақ Жітіқара және Наурызым аудандарында бір-бірден балабақша салу жоспарда бар. «INDIGO» (https://indigo24.kz) порталындағы автоматтандырылған мемлекеттік қызметті пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ балабақшадан орын алуға мүмкін жасалған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий