Тәуелсіздк дәуіріндегі ұлы дала елінің дамуына байланысты бастамалар
1991 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданған күннен бастап, біз бұл күнді ұлттық мейрам ретінде тойлап келеміз. Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік-1986 жылы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен, барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едәуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында жаңғырған мемлекетпіз.
Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде бүкіл әлемге танылғанына жиырма тоғыз жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры, ол – қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, адамзаттың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр.
Тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңінен өттік, ал жаңғыртудың екінші кезеңі өткен кезеңнің нәтижелерін сараптаумен байланысты болды, яғни саяси тұрақтылықтан ұзақ мерзімді стратегиялық іс-әрекет бағдарламасына көштік. Жаңғыртудың үшінші кезеңі еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуді мақсат етіп қойды. Ал қазіргі кезеңде «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдап, аяғына нық тұрған мемлекет ретінде халықаралық аренада беделге, дүниежүзілік экономикалық жүйеде өзіне лайықты орынға ие болды. Біз бүкіл әлемге толеранттылығымызбен, ұлтаралық, конфессияаралық келісімдермен және диалогпен әйгілі болдық. Қазақстан көптеген халықаралық міндеттемелердің ұйтқысы және үйлестірушісі болып табылады, біздің басты мақсатымыз – әлемде бейбітшілік орнату. Біздің еліміздің бейбітсүйгіш саясаты сақталады және ары қарай жалғаса береді.
Біздің еліміз дұрыс стратегия ұстанудың нәтижесінде қиын кезеңдерді артта қалдырды. Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап біздің мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына байланысты міндеттерді біртіндеп жүзеге асырып келеді, Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар еліміздің гүлденуіне тікелей бағытталған, оның әлеуметтік бағыттамасыз және адами капиталдың дамуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Басты басымдық біздің креативті өзгеше ойлайтын жастарымызға, яғни өскелең ұрпаққа беріледі, сондықтан барлық бағдарламалар адам ресурстарының сапалық өсуіне бағытталған және қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.
Қазақстан халқының кең қолдауына ие болған революциялық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің қоғамдағы жаңғырту үдерістеріне күшті серпін берді. Мазмұны жағынан ұлттың жан-жақты рухани жаңғыруы бірінші кезекте адами капиталды жаңарту арқылы жүзеге асады, осыған байланысты осы баға жетпес капитал жан-жақты дамиды және оның дамуына жаңа, өркениетті жағдайлар жасалынады. Президенттің бастамасымен осы мақсатта жыл сайын оқушылардың шәкіртақылары ұлғаюда, жоғары білім беруде білім гранттарының саны артуда, 2017 жылдан бастап техникалық кәсіби білім беру тегін, жастардың барлық категорияларын қамтитын кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Оның дәлелі ретінде 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануын айтуға болады.
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табысы мен өмір сүру сапасының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында, жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау мемлекет саясатының басымдығы болуы керек екендігі ерекше атап көрсетілген. Қоғам дамуының нәтижесінде, біз – қазақстандықтар өзгердік, құндылықтарға жаңа көзқараспен қарайтын болдық және адамдық қарым-қатынастардың жаңа типіне үйрендік. Қазіргі Қазақстан, көптеген мемлекеттердің қолы жетпеген, ғылыми деңгейі және шығармашылық потенциалы жоғары, білімді халқы бар мемлекетке айналды. Біздің басты байлығымыз – адам, олардың өмір сүру сапасы, қысқаша айтқанда – адам ресурстары.
Өзінің 1997 жылғы бірінші Жолдауында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз басқа елдердің тәжірибесін оқып үйренуіміз керек, халықаралық қауымдастықтағы тиімді тенденцияларды пайдалануымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз мақтан ете алатындай Қазақстанды құрудағы орасан еңбекті басқа емес, тек өзіміз ғана жасай аламыз» – деп атап көрсеткен еді. Әр халықтың сан ғасырлық тарихы бар. Ал біздің қазақ халқының тарихы сонау тереңде жатыр. Адам өткен тарихын жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды.
Біздің жастарымыз да өз ұлтымыздың, өз еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытпай, қастерлей білуге тиіс. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін қаншалықты маңызды? Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың ауыр соққылары қазақ халқының басынан аз өтпегенін көреміз. Түрлі нәубетті басынан өткізген халқымыз бүгінгі күні өз тәуелсіздігін алып, дамыған елдердің қатарында болашаққа қадам басып келеді. Бұл күнге жетуіміздің басты себебі – ата-бабамыздың өз елі үшін аянбай қан мен терін төгуінің арқасында. Біз осынау бақытты заманға кімнің арқасында жеткенімізді ұмытпауымыз керек және өз еліміздің тарихын терең біліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білуге тиіспіз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында: «Көптеген құнды мәдени жетістіктер көп жағдайларда біздің жерімізде пайда болып, ары қарай басқа аймақтарға таралған. Бұған астрономия, философия және жаратылыстану, сонымен қатар, металлургия саласындағы ғылыми жетістіктерді жатқызуға болады. Біздің ата-бабаларымыздың өз жазулары мен аңыздары болған, оған «Алтын адам» маңынан табылған ыдыстардағы белгілер дәлел бола алады». Ата -бабаларымыздан ұлттық кодпен берілген елімізде қол жеткізілген саяси және ұлтаралық тұрақтылықты сақтау туралы айта келіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің еліміздің, халқымыздың, мемлекетіміздің және еліміздегі демократияның болашағының осыған байланысты екенін атап көрсетті.
Президенттіміздің бастамасымен «Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін мұғалім лауазымының маңыздылығы айтарлықтай арта түседі, сондай-ақ оның қоғамдағы орны жоғарылайды. Білім берудің жаңа сапасының негізгі басымдығы орын алып жатқан өзгерістерге үздіксіз бейімделуге және жаңа білімді меңгеруге қабілеттілікті дамыту болып табылады. Ұлт көшбасшысының осындай қолдауы білім беру қызметкерлерін өздерінің педагогикалық шеберлігін жүйелі түрде жоғарылатуға міндеттейді, сонымен қатар, технологтар мен инженерлерді дайындау кезінде математика және жаратылыстану пәндерін оқытудың сапасына айтарлықтай дәрежеде қажетті интерактивті әдістемелерге жету керек.
«Білім туралы Заңдағы» 2020 жылдағы өзгерістер жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыда бекітуге мүмкіндік берді. Бұл жағдай оқытудың көптеген бағыттарымен заманауи өндірістерінде талап етілетін жаңа білім беру бағдарламаларын жасауға мүмкіндік беруі тиіс, және де бұл ретте жұмыс берушіге өкілдік ететін өндіріс жоғары оқу орындарының бірлескен білім беру бағдарламаларына деген ұмтылысын қолдауы қажет. ұл үшін бәріміз күш-жігерімізді жұмылдырып, біздің халқымыздың барлық зияткерлік қабілеттерін біріктіріп, олардың әлеуетін пайдалануымыз керек. Сол кезде Қазақстанда жоғары жетістіктерге қол жеткізуге қабілетті болатын және еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыруға мүмкіндік туғызатын көрнекті ғалымдарымыз пайда болады.
Осы жылдардағы Елбасы бастамаларындағы негізгі бағдар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жоғарылатудың өзекті мәселелерін іске асыруға бағытталған. Олар экономикалық өсудің және халқымыздың әл-ауқатын одан әрі жоғарылатудың жаңа үлгісін жасау бойынша, экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету, ЭЫДҰ елдерімен салыстырылатын өмір деңгейіне жету бойынша 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына байланысты. Бұл бізге еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін және 30 дамыған елдердің қатарына жақындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өмір сапасының құрамдастырушылары білім, денсаулық сақтау және ғылым болып табылады, олар үшін бес жыл ішінде шығындар ЖІӨ-нің 10%-на дейін жеткізіледі. Бұдан басқа, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 28-ден 42 мың теңгеге дейін 1,5 есе өсті, зейнетақыда төлемдерінің мөлшері индекстелді және өсті.
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайларында негізгі міндеттердің біреуі өнеркәсіптік кешенге және көліктік жүйеге цифрлық технологияларды енгізу болып табылады, бұл өнеркәсіптік кешенді жаңа технологиялық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, ол, өз кезегінде, табиғи ресурстарды басқарудың жоғары технологиялық әдістерін қолдану арқылы пайдаланылатын шикізатты терең өңдеу салдарынан ресурстық әлеуетті пайдаланудың тиімділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. «Ұлы Дала» атты ежелгі өнер және технологиялар мүзейін ашу туралы Президентіміздің идеясына сүйене отырып, Қазақстанда қайта жандандырылған «Ұлы Жібек жолын жандандыру» кластері, сөзсіз, «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде жайғастырылуы және қалалық орта объектілерін жаңғыртумен ежелгі Отырар қаласын қалпына келтіру бойынша туристік жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туғызуы керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында атап өткендей: ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек, әділдіктен айнымаған жөн, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру, адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту, «Жасыл экономиканы» дамыту, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес.
Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша міндеттерді шешу, бірінші кезекте, жаңа технологиялардың трансфертімен және олардың отандық жағдайларға бейімделу мәселелерімен айналысатын аграрлық ғылымның басымдықты дамуы жағдайында ғана мүмкін болатынын атап өту керек. Біздің университет қазірдің өзінде АӨК-тегі ең озық білімді және озат тәжірибені тарату орталығы болуға ұмтыла отырып, техникалық пен технологиялық мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын жаңартуды бастады. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жоғары деңгейіндегі азық-түлік өнімдерінің өндірісі өте тиімді түрде жүзезеге асырылуда, бұл олардың жоғары экологиялық тазалығын дәлелдейтін «Қазақстанда жасалған» брендін алуға өте лайық.
Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру, ет пен сүт өндірісінің және оларды қайта өңдеу сатысында қолданылатын өнімдер міндетті түрде өнімнің сапасы мен экологиялық сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай технологияларды университет ғалымдары ұсынуға дайын. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы,- деп атап өткендей, тарихымызды ұмытпайық, өткеніміз бен бүгінімізді бағалай білейік. Болашағымыз сонда ғана жарқын болатыны сөзсіз.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұжымы дуальды оқытуды, ғылым арқылы білім беруді кеңейтіп, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау сапасын күшейтіп, оқу ортасындағы студенттер мен білім алушылар үшін сапалы түрлендіру үдерісі ретінде оқытуды студентке орталықтандыруға сүйене отырып, білім беру бағдарламаларын жаңғырту арқылы осы міндеттерді шешу үшін өз стратегиясын болжап отыр. Бұл олардың автономдылығын жақсартуға, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасын өзектендіруге бағдарланған. Біздің университетте әлеуметтік қорғау бойынша міндеттерді жүзеге асыру мерзімінен бұрын орындалуда.
2020 жылы 1 қазаннан бастап бюджеттен тыс қаражаттар есебінен барлық санаттағы жұмысшылардың жалақысы көтерілді, материалдық әл-ауқаты төмен отбасылардан шыққан студенттер үшін 200 млн. теңгеден астам сома мөлшерінде оқу төлемі бойынша жеңілдіктер берілді.
Әнуарбек Талқаұлы ӘЙМЕН,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетінің профессорі, э.ғ.д, академик,
Тараз қаласының құрметті азаматы