Ағылшын тілін үйретуде мнемо өлеңдерді қолдану маңыздылығы

Балабақшаларда шет тілін ерте жастан үйретуде кездесетін тіл кедергілерін мнемотехника әдісі арқылы жою, сөздік қорын дамытуда, байланыстыра сөйлеу мүмкіндіктерін аттыруда тигізетін пайдасы мол. Мнемотехника мүмкіндіктері, яғни, баланың көрнекілік-бейнелік есте сақтауын дамыту арқылы, қызыға жаттауына, әрі қайталауында еш қиындықсыз есте сақтауында тиімді тәсілі болып саналады.

Мнемотехника әдісінің өзектілігі: заманауи технологияларды қолдану, түрлі-түсті суреттерді мнемокестеде орналастыру арқылы интерактивті жүйеде белсенділікпен қайталау, тілдік жаттығулардың баланың есінде оңай қалуы және сөздік қорының кеңеюіне зор ықпалын тигізуінде. Мнемотехника әдісінің жаңашылдығы: мектеп жасына дейінгі баланы ерте жастан мнемотехника жинағы арқылы үйрету. Балалардың тілін дамытуда: сөздік қорының кемдігі, сөздерді байланыстыра сөйлемеуі, дыбыстау кемшілігі, тыңдап, түсіне алмауы сияқты кедергілер жиі кездеседі.

Бұндай жағдайда балаға қандай көмек беру қажет? Аталған кемшіліктерді жоюдың бірден-бір жолы – мнемотехниканы қолдану. Яғни, тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесін іске асыру. Балабақша жасындағы балаларда көрнекілік-бейнелік есте сақтау жақсы дамыған. Ал оны жүзеге асырудың тиімді жолы мнемотехника әдісі деп ойлаймын. Міндетті мақсатқа нәтижелі жету үшін көрнекіліктің, яғни суреттің балаға түсінікті әрі қызықты болуы, тақырыпқа сай өлеңдерді таңдау, өлеңдердің тілге оңай, әрі оған қойылатын бейне суреттің түсінікті болуы ең маңызды шарт болып табылады.

Мнемокесте арқылы тақпақ, әңгіме құрауға болады. Жинақталған мнемо өлеңдер әлеуметтік, танымдық және коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында балалардың келесі дағдыларын дамытуға бағыт-талған:  сөздік қорын байыту,  әңгіме құрастыру, тіл кедергісін жою, коммуни-кативтік мүмкіндіктерін ашу, тілдік жаттығуларды ауызша айту, дыбыстық және көру қабілеттерін дамыту, түрлі тақырыпта өлең жаттау. Мнемотехникалық әдіс балалардың сөйлеу тілін дамытады, есте сақтау дағдысын қалыптастырады, дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды.

Нұргүл Сайлаубайқызы ЖҰМАНОВА,
Қазақстан Республикасы Президентінің
Іс басқармасы “Қарлығаш” балабақшасының
ағылшын тілі мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий