НЗМ – Талдықорған: Әлішердің жүрегі асыл

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Алишер Бекмустафаев Алматы облысының «Үздік еріктісі» атанды. Алишерге диплом және 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табысталды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Бикен Римова атындағы драма театрында облыс әкімінің «Асыл жүрек» сыйлығына үміткерлерді салтанатты түрде марапаттады. Іс-шара Алматы облысында еріктілер жылының ресми жабылуы аясында ұйымдастырылды. «Асыл Жүрек» сыйлығы – бұл облыс басшысы Амандық Баталов тағайындаған Жетісу еріктілерінің алғашқы ауқымды мерекесі. Байқау барысында жетісулық ең белсенді волонтер атағына ие болған елу ерікті танылды.

Оның бірі «Біргеміз: Білім-2020» жобасының белсенді қатысушысы, мектеп волонтерлер клубының президенті Алишер Бекмустафаев «Asyl Júrek: Білгенімен бөліскен» номинациясының үздігі атанды. Алишер тоғыз ай бойы «Біргеміз: Білім» ұлттық білім беру жобасының волонтері ретінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылар тобымен бірге Алматы облысының ауылдық жерлеріндегі орта мектеп оқушыларына ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарына дайындық, ағылшын тілі, компьютерлік және құқықтық сауаттылық сабақтарын онлайн түрде өткізуге ерікті болды.

– Біздің жоба үздіктер тізіміне енгеніне қуаныштымын. Біз ауыл мектептерінің оқушыларына үлкен қызығушылықпен C++ бағдарламалау тілін оқыттық. Біздің курс пайдалы болды деп үміттенемін және біз балаларды IT технологиялар саласына қызықтырдық деген ойдамыз, – деп 10-сынып оқушысы Алишер Бекмустафаев өз пікірімен бөлісті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий