Жамбыл облысы: Төрт оқушы республикалық өнер байқауының жеңімпазы атанды

Жетінші мәрте ұйымдастырылған республикалық «Ақберен» онлайн өнер байқауының қорытындысы белгілі болды. Байқауға біздің аймақтан алты үміткер қатысып, 4-уі жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған байқауда қатысушылар «Көркем сөз оқу», «Ақындар мүшәйрасы», «Шешендік өнер», «Ақындар айтысы», «Шығарма жазу» және «Ұлттық аспапта ойнау» сияқты 6 аталым бойынша өнер көрсетті. Шығармашылық байқау нәтижесінде «Ақындар мүшәйрасы» аталымы бойынша бірінші орынды Т.Рысқұлов ауданындағы Ш.Уәлиханов орта мектебінің 11-сынып оқушысы Әмре Жәнібек жеңіп алды.

Қордай ауданындағы №26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Абдуразаков Берік «Шешендік, білгірлік сайысы» аталымы бойынша екінші орынды, «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша Жамбыл ауданындағы №1 орта мектептің 9-сынып оқушысы Рахманберді Нұрзат «Жантаза» күйін орындап екінші қатардан көрінді. Т.Рысқұлов ауданындағы Жамбыл орта мектебінің 11-сынып оқушысы Осалы Саламат «Ақындар айтысы» аталымы бойынша суырыпсалмалық өнерімен жүлделі үшінші орынға қол жеткізді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий