Жемқорлықсыз қоғам: Адалдықты өзімізден бастайық

Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабыланған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті.

Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Осы орайда біздің білім шаңырағында «Адалдық дүкені», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» бұрышы жұмыс жасайды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларымен «Адалдық – асыл қасиет», «Адалдықты өзімізден бастайық!», «Жат әдеттен аулақ болайық!» және басқа да тақырыптарда бірнеше сыныптық тәрбие сағаттары, кездесу, дәрістер, түсіндіру жұмыстары өткізілді, суреттер топтамасы жинақталып, ілінді. Барлық сынып оқушылар тартылды.

Басты мақсат мектептегі еліміздің ертеңгі болашағы жас буын өкілдерін, яғни мектеп оқушыларының санасына адал жүріп, адал болуға және парасаттылыққа баулу болып табылады. Ал қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және пайда болуын ескерту мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша заңнама» тақырыбында баяндама оқылды, ақпараттық дәрістер өткізілді.

Осы уақытқа дейін біз сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет деп келсек, ендігі уақытта басты идеологиялық құжатымыз ұзақ мерзімді стратегияда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп атаймыз. Демек, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның  алдын алу жұмыстары жан-жақты жүргізу болып табылады.

Әрбір адам белгілі бір деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті болады, ол не төмен, не жоғары деңгейде болуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидаты маңызды роль атқарады. Тек жас кезінде мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында оқушыларды тәрбиелеу маңызды болмақ.

Талай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығының әлсіздігінің салдары болып табылады. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды  түсіндіру жұмыстары, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Лайла Айтбекқызы ШУКЕЕВА,
Сарысу орта мектебінің директоры,
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий